О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Есет Котибарулы сельского округа от 29 сентября 2017 года № 15 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Есет Котибарулы сельского округа от 29 сентября 2017 года № 15 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 15 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 23.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2018 123788_340823.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CME00204
- ЭКБ идентификаторы
- 123788
- Редакция идентификаторы
- 123788_340823
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:39
0 Шектеу іс-шараларын алу және Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 15 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 11 маусымдағы № 16-8/83 ұсынысы негізінде, Есет Көтібарұлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Есет Көтібарұлы ауылдық округінде орналасқан «Нұралы» шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2
2. Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 15 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5673 тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.