Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 29 августа 2017 года № 15/7 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Северо-Казахстанской области»

Ереже · № 26/8 · қабылданған 27.11.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2017-no-157-ekb-126331/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 29 августа 2017 года № 15/7 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Северо-Казахстанской области» Күшін жойған Ереже ·№ 26/8 ·27.11.2018
18.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 29 августа 2017 года № 15/7 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Северо-Казахстанской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 26/8 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 29 августа 2017 года № 15/7 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 «Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26/8
Қабылданған күні
27.11.2018
Көрсетілген редакция
18.10.2023 126331_661172.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18S0004997
ЭКБ идентификаторы
126331
Редакция идентификаторы
126331_661172
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:26

0 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 «Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-6-тармағына, 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 «Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 болып тіркелді, 2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларындағы
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

4 «4. Осы үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.».

2. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы шешімді ресми жарияланған соң оны Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы