Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 29 августа 2017 года № 15/7 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Северо-Казахстанской области»

Ереже · № 6-2 · қабылданған 09.08.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2017-no-157/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 29 августа 2017 года № 15/7 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Северо-Казахстанской области» Күшін жойған Ереже ·№ 6-2 ·09.08.2021
18.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 29 августа 2017 года № 15/7 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Северо-Казахстанской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 6-2 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 29 августа 2017 года № 15/7 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 «Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-2
Қабылданған күні
09.08.2021
Көрсетілген редакция
18.10.2023 158686_661174.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21S000062M
ЭКБ идентификаторы
158686
Редакция идентификаторы
158686_661174
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:14

0 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 «Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларында көрсетілген шешіммен бекітілген:
1-тармақ жана редакцияда жазылсын:
«1. Осы Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және келісімдерге сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысындағы (әрі қарай - облыс) көші-қон процестерін реттеудің үлгілік тәртібін айқындайды.»;
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«6. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын жатқызуға (алып тастауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
7. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынынан асып кеткен кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы