Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2017 года № 194 «Об утверждении Правил подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров в области физической культуры и спорта»

Бұйрық · № 205 · қабылданған 26.07.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2017-no-194-ekb-170131/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2017 года № 194 «Об утверждении Правил подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров в области физической культуры и спорта» Қолданыста Бұйрық ·№ 205 ·26.07.2022
26.07.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2017 года № 194 «Об утверждении Правил подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров в области физической культуры и спорта»

Қолданыста Бұйрық ·№ 205 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2017 года № 194 «Об утверждении Правил подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров в области физической культуры и спорта»
Атауы (қаз.)
«Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
205
Қабылданған күні
26.07.2022
Көрсетілген редакция
26.07.2022 170131_585225.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028914
ЭКБ идентификаторы
170131
Редакция идентификаторы
170131_585225
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:53

0 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15344 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды (бұдан әрі - кадрлар) даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.»;
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға қабылдау үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) курстарды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн бұрын «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес «Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан- әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінімді береді.»;
9-2, 9-3 және 9-4 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«9-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда, «жеке кабинетте» көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
9-3. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
9-4. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.»;
Қағидаларға 1, 1-1 және 1-2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Өтінім

Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 26 шілдедегі
№ 205 бұйрығына
1-қосымша
Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды даярлау,
қайта даярлау және біліктілікті
арттыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)
____________________________
____________________________
(өтініш беруші: жеке тұлға үшін
- аты, жөні, тегі (ол болған жағдайда);
заңды тұлға үшін - толық атауы)
Өтінім
Дене шынықтыру және спорт саласындағы келесі кадрлар ____________________________________________
(даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру)
өту үшін жіберіледі:
Р/с №
Те­гі, аты-жө­ні (ол болған жағ­дай­да)
Ла­у­а­зы­мы­ның то­лық ата­уы
Та­қы­ры­бы, спорт тү­рі
Ке­зе­ңі (кур­стың ба­ста­лу және аяқ­та­лу кү­ні)
Бай­ла­ныс (те­ле­фон нө­мі­рі, элек­трон­дық ме­кен­жайы)
1
2
3
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_________________________________________
________________
қолы
(жеке тұлға үшін – аты, жөні, тегі (ол болған жағдайда),
(жеке тұлға үшін –
мекенжайы, телефон нөмірі,
электрондық мекенжайы;
заңды тұлға үшін –
заңды тұлға үшін – толық атауы, заңды мекенжайы,
телефон нөмірі, электрондық мекенжайы).
қолы және мөрі

2 Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің
2022 жылғы «___» ______
№______ бұйрығына
2-қосымша
Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды даярлау,
қайта даярлау және біліктілікті
арттыру қағидаларына
1-1-қосымша
«Дене шы­нық­ты­ру және спорт са­ла­сын­да кадр­лар­ды да­яр­ла­у­ға, қай­та да­яр­ла­у­ға және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ға құ­жат­тар­ды қа­был­дау» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті кадр­лар­ды да­яр­лау, қай­та да­яр­лау және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) көр­се­те­ді.
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру көр­се­ті­ле­тін «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды пор­тал ар­қы­лы тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – ав­то­мат­ты түр­де.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Пор­тал­да – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се уәкі­лет­ті ла­у­а­зым­ды адам­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін.
7.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да: www.​gov.​kz/​ent​itie​s/​msm «Қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Пор­тал­ға:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған, осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша заң­ды және же­ке тұ­лға­лар үшін дене шы­нық­ты­ру және спорт са­ла­сын­да­ғы кадр­лар­ды да­яр­ла­у­ға, қай­та да­яр­ла­у­ға, олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ға элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да сұ­рау са­лу.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы кур­стар­ды өт­кі­зу ба­стал­ған­ға дей­ін 14 (он төрт) күн­тіз­бе­лік күн бұ­рын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гі­не­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да сұ­рау са­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға өті­нім бер­ген кез­де дәй­ек­ті­лі­гін қол­таң­ба­мен неме­се ЭЦҚ-мен рас­тай оты­рып, мы­на­дай де­ректер­ді көр­се­те­ді: тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің (ор­на­лас­қан же­рі­нің) ме­кен­жайы, ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік нө­мі­рі, элек­трон­дық ме­кен­жайы.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі «eGov mobile» мо­биль­дік қо­сым­ша­сын­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
«Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы 2-тар­ма­ғы­ның 11) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ақ­па­рат­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген тәр­тіп­пен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту са­ты­сы ту­ра­лы де­ректер­ді мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мо­ни­то­рин­гі­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген те­ле­фон­дар неме­се бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны бой­ын­ша ала­ды.

3 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2022 жылғы «___» ______
№______ бұйрығына
3-қосымша
Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды даярлау,
қайта даярлау және біліктілікті
арттыру қағидаларына
1-2-қосымша
Нысан
____________________________
Көрсетілетін қызметті алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
немесе ұйымның атауы
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым:
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
«Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Жоқ және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)___________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы:___________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны ____________________
Алдым:______________________________________ ____________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты (қолы)
әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы «___»_________

4 _______________________________________________________________ (оқу өткізетін ұйымның атауы)

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2022 жылғы «___» ______
№______ бұйрығына
4-қосымша
Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды даярлау,
қайта даярлау және біліктілікті
арттыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)
Анықтама
____________________________________________________________________________________берілді,
(Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
ол дене шынықтыру және спорт саласындағы (даярлау немесе қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру) курстан
20___ жылғы «___»______ бастап «___» ________ дейн тақырыбы:
______________________________________________________________________________________________
сағат көлемінде өтпеді.
____________________________________ __________
(тегі, аты-жөні, (болған жағдайда) М.О. (қолы)
оқу өткізетін ұйым басшысы
лауазымының толық атауы)
Берілген күні 20___ жылғы «____» ___________
______________
(берілген орны)

Қолданыстағы