О внесении изменения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 29 декабря 2017 года № 323 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 29 декабря 2017 года № 323 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 323 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 27.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2021 142423_520729.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20SJ006281
- ЭКБ идентификаторы
- 142423
- Редакция идентификаторы
- 142423_520729
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:46
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 323 «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министірінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталауды белгілеу туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 323 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 17 қаңтарында жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4494 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектерге жұмыс орнына квотасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 сәуірі
№ 107 Қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 323 қаулысына
қосымша
Мүгедектерге жұмыс орнына квотасы
Ұйымдардың атауы
Жұмыс орнының саны
Квотаның мөлшері
Белгіленген квота бойынша жұмыс орындарының саны (адам) *
«Кызыласкерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
152
3%
5
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют № 1 мектеп гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
68
2%
1
Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мамлют аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
242
3%
7
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
73
2%
1
Ескертпе:
*-ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны.