О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 29 июля 2017 года № 398 «Об утверждении Правил военной подготовки по дополнительным образовательным программам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 29 июля 2017 года № 398 «Об утверждении Правил военной подготовки по дополнительным образовательным программам»
- Атауы (қаз.)
- «Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 705
- Қабылданған күні
- 14.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2020 151476_505671.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021821
- ЭКБ идентификаторы
- 151476
- Редакция идентификаторы
- 151476_505671
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:06
0 «Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери
дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15646 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қыркүйекте электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларында:
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қару-жарақ пен әскери техниканың стенділерімен, макеттерімен, оқу құралдарымен және әскери мүлікпен жабдықталған оқу сыныптары;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі және сабақтар режимі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде айқындалады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мүдделі құрылымдық бөлімшелерге және лауазымды адамдарға жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
2020 жылғы «___» __________