Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан 29 декабря 2017 года № 441 «Об утверждении перечня республиканских проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации»

Бұйрық · № 47 · қабылданған 29.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2017-no-441/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан 29 декабря 2017 года № 441 «Об утверждении перечня республиканских проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации» Қолданыста Бұйрық ·№ 47 ·29.05.2019
29.05.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан 29 декабря 2017 года № 441 «Об утверждении перечня республиканских проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 47 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан 29 декабря 2017 года № 441 «Об утверждении перечня республиканских проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации»
Атауы (қаз.)
«Іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 441 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
47
Қабылданған күні
29.05.2019
Көрсетілген редакция
29.05.2019 132118_409046.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018753
ЭКБ идентификаторы
132118
Редакция идентификаторы
132118_409046
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:44

0 «Іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 441 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 441 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16317 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы « »
№ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 441 бұйрығымен бекітілген
Іске асырылуы жоспарланатын республикалық
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

р/с
Атауы
1
2
1.
ОҚО Түркістан қаласында қосымша суармалы жерлерді қосып ПК888+27-ден ПК 1082+00 қоса алғанда Түркістан магистральдық арнасын реконструкциялау
2.
Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және пайдалану
3.
Алматы станциясының теміржол торабын айналдыра айналма теміржол желісін салу
4.
Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау министрлігінің ведомстваға бағынысты ұйымдарын біріктіру арқылы Алматы қаласында 1265 төсектік біріккен университеттік аурухана құру
5.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік-мүлік және жекешелендіру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру
6.
Өңірлік тестілеу орталығы және педагогикалық құзырет

Қолданыстағы