О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 918 «Об определении органа, уполномоченного на выдачу разрешений второй категории, и государственных органов, которые осуществляют согласование выдачи разрешений второй категории в сфере углеводородов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 918 «Об определении органа, уполномоченного на выдачу разрешений второй категории, и государственных органов, которые осуществляют согласование выдачи разрешений второй категории в сфере углеводородов»
- Атауы (қаз.)
- «Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 267
- Қабылданған күні
- 10.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2024 195776_695749.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000267
- ЭКБ идентификаторы
- 195776
- Редакция идентификаторы
- 195776_695749
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:06
0 «Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 918 қаулысына
2-қосымша
Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді
жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Р/с №
Екінші санаттағы рұқсаттар
Уәкілетті орган
Келісуші мемлекеттік орган
1.
Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
_______________________