О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 939 «О некоторых вопросах оплаты труда административных государственных служащих в пилотном режиме»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 939 «О некоторых вопросах оплаты труда административных государственных служащих в пилотном режиме»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 142
- Қабылданған күні
- 27.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2018 119805_304006.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000142
- ЭКБ идентификаторы
- 119805
- Редакция идентификаторы
- 119805_304006
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:09
0 «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде
еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 434-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ескертпеде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл блокқа пилоттық органдардың бірінші басшыларының кеңесшілері, жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің лауазымдары жатқызылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшысы құрылымдық бөлімшелерді және олардың қызметкерлерінің жекелеген лауазымдарын, мемлекеттік органның алдында қандай да бір уақыт кезеңінде тұрған басым міндеттерге қарай функционалдық блоктарға бөлуді дербес жүзеге асырады.»;
2 2) қызмет бабында пайдалану үшін;
3 3) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларында:
28-тармақ төртінші абзацындағы «жауапкершілігі үшін белгіленуі мүмкін.» деген сөздер «жауапкершілігі үшін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«4) міндеттер шеңберінің кеңеюі, ерекше маңызды (күрделі) тапсырмаларды орындағаны, кезек күттірмейтін және алдын ала болжауға болмайтын, көп уақытты қажетсінетін, қосымша зерделеуді, мұқият талдау мен қорытуды талап ететін жұмыс көлемі үшін белгіленуі мүмкін.
Пилоттық органдардың мемлекеттік қызметшілерінің санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда пилоттық органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген, штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген қаражат есебінен пилоттық органдардың «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылардың өзге түрлері белгіленуі мүмкін.»;
31-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Қағидалардың 28-тармағының 4) тармақшасында белгіленген жағдайда – ай сайын лауазымдық айлықақының жүз пайызға дейінгі мөлшерінде.».