Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Жалагашского района от 29 сентября 2017 года №205 “О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка”

Қаулы · № 156 · қабылданған 03.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2017-no205/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Жалагашского района от 29 сентября 2017 года №205 “О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка” Қолданыста Қаулы ·№ 156 ·03.10.2019
03.10.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Жалагашского района от 29 сентября 2017 года №205 “О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка”

Қолданыста Қаулы ·№ 156 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Жалагашского района от 29 сентября 2017 года №205 “О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка”
Атауы (қаз.)
“Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №205 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
156
Қабылданған күні
03.10.2019
Көрсетілген редакция
03.10.2019 135060_422593.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19LF006928
ЭКБ идентификаторы
135060
Редакция идентификаторы
135060_422593
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:19

0 “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №205 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына және “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы №637 қаулысына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №205 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5994 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

“КЕЛІСІЛДІ”
“Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министірлігі Қызылорда
облысының полиция департаментi
Жалағаш ауданының полиция
бөлімі” мемлекеттiк мекемесiмен

3 Жалағаш ауданы әкімдігінің

2019 жылғы “__” қыркүйектегі
№ __ қаулысына қосымша
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№205 қаулысына қосымша
Жалағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1

1 1. Көтермелеудің түрлері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйақы беру.

2 2. Көтермелеудің тәртібі

2 2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдем қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Жалағаш ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

3

3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияға қарауға “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Жалағаш ауданының полиция бөлімі” мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Полиция бөлімі) енгiзедi.

4 4. Комиссияның құрамына аудандық жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкілдері енгізіледі.

5 5. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

6 6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3 3. Ақшалай сыйақының мөлшері

7

7. Ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермеленетін адамның қосқан үлесін және ол немесе оның қатысуымен жолы кесілген құқыққа қарсы әрекеттің нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың көлемін ескере отырып белгілейді және ол, әдетте, 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеуді көтермелеуге ұсыныс енгізген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Қолданыстағы