Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 «Об утверждении Правил интеграции объектов информатизации «электронного правительства»

Бұйрық · № 444/НҚ · қабылданған 26.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-123-ekb-199280/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 «Об утверждении Правил интеграции объектов информатизации «электронного правительства» Қолданыста Бұйрық ·№ 444/НҚ ·26.07.2024
26.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 «Об утверждении Правил интеграции объектов информатизации «электронного правительства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 444/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 «Об утверждении Правил интеграции объектов информатизации «электронного правительства»
Атауы (қаз.)
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
444/НҚ
Қабылданған күні
26.07.2024
Көрсетілген редакция
26.07.2024 199280_715538.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034838
ЭКБ идентификаторы
199280
Редакция идентификаторы
199280_715538
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:21

0 «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыруға арналған ақпараттандыру объектілері;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Электрондық түрде қызмет көрсету кезінде ақпараттандыру объектісі ЭҮТШ-ке төлемдерді пайдалану туралы мәліметтерді жібереді.
Барлық өтінімдер мен құжаттар интеграциялық өзара іс-қимылға қатысушылардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-пен куәландырылады.
Егер интеграциялық сервис бастамашысының ақпараттық жүйесі Заңның 49-бабының 2-тармағында көрсетілген ақпараттандыру объектілеріне жататын болса, онда сервиске қосуға немесе сервисті жариялауға арналған өтінімге интеграциялық сервис бастамашысы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар сынақ хаттамаларын қоса береді.»;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісіне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамаларын кері қайтарып алу кезінде Оператор ақпараттандыру субъектілерін хабардар ете отырып, 1 жұмыс күні ішінде осы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісіндегі барлық интеграциялық өзара іс-қимылды тоқтата тұрады.»;
3-қосымшаның 21-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамалары»;
4-қосымшаның 13-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамалары»;
5-қосымшаның 30-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамаларын тіркеңіз (.doc, .docx, .pdf)»;
7-қосымшада:
2-тараудың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, шет елдердегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар;
15) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
3-тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті өнеркәсіптік пайдалану үшін сыртқы платформаға іске қосқанға дейін уәкілетті органға, интеграциялық сервис иесіне және көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуді қамтамасыз етеді.»;
8-қосымшаның 22-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамалары»;
9-қосымшаның 31-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау хаттамалары».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қолданыстағы