Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 «Об утверждении Правил интеграции объектов информатизации «электронного правительства»

Бұйрық · № 465/НҚ · қабылданған 10.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-123/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 «Об утверждении Правил интеграции объектов информатизации «электронного правительства» Қолданыста Бұйрық ·№ 465/НҚ ·10.09.2025
10.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 «Об утверждении Правил интеграции объектов информатизации «электронного правительства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 465/НҚ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 123 «Об утверждении Правил интеграции объектов информатизации «электронного правительства»
Атауы (қаз.)
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
465/НҚ
Қабылданған күні
10.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
28.09.2025
Көрсетілген редакция
10.09.2025 214169_778046.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036831
ЭКБ идентификаторы
214169
Редакция идентификаторы
214169_778046
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:23

0 «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 140) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында:
2-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері;»;
3-тармақ мынадай редакциядағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, әскери құралымдардан, бөлімдер мен ұйымдардан алған кездегі ақпараттандыру объектілері.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қолданыстағы