О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 29 декабря 2018 года № 1308 «Об определении единого организатора для заказчиков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 29 декабря 2018 года № 1308 «Об определении единого организатора для заказчиков»
- Атауы (қаз.)
- «Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 09.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2021 149889_544348.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20L0007887
- ЭКБ идентификаторы
- 149889
- Редакция идентификаторы
- 149889_544348
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:15
0 «Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорла облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6641 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.».