Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1346 «Об утверждении Правил регистрации в Государственном реестре селекционных достижений передачи исключительного права, предоставления права на использование селекционного достижения, открытую или принудительную лицензию»

Бұйрық · № 10 · қабылданған 21.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-1346/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1346 «Об утверждении Правил регистрации в Государственном реестре селекционных достижений передачи исключительного права, предоставления права на использование селекционного достижения, открытую или принудительную лицензию» Қолданыста Бұйрық ·№ 10 ·21.04.2020
21.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1346 «Об утверждении Правил регистрации в Государственном реестре селекционных достижений передачи исключительного права, предоставления права на использование селекционного достижения, открытую или принудительную лицензию»

Қолданыста Бұйрық ·№ 10 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1346 «Об утверждении Правил регистрации в Государственном реестре селекционных достижений передачи исключительного права, предоставления права на использование селекционного достижения, открытую или принудительную лицензию»
Атауы (қаз.)
«Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
21.04.2020
Көрсетілген редакция
21.04.2020 142220_458656.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020496
ЭКБ идентификаторы
142220
Редакция идентификаторы
142220_458656
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:51

0

«Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1346 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 17332 болып тіркеліп, 2018 жылғы 4 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы қағидасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 21 сәуірі № 10
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1346 бұйрығымен
бекітілген
Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер.

1

1. Осы Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) сәйкес әзірленген және Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде Селекциялық жетістіктерді пайдалануға айрықша құқықты беру, Селекциялық жетістіктерге пайдалану құқықығын ұсынуды тіркеуді белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Осы қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) айрықша құқық – селекциялық жетістіктерге өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы;

2 2) бюллетень – өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;

3 3) иеленуші – селекциялық жетістікке айрықша құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

4 4) патент иеленуші – қорғау құжатының иесі;

5 5) патенттік сенім білдірілген өкілдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдында өкілдік етуге құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;

6

6) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

7 7) «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

8 8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2 2-тарау. Селекциялық жетістіктерді пайдалануға айрықша құқықты беруді тіркеу тәртібі

3

3. «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

4

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы қағиданың 1-қосымшасындағы «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 2 және 3-қосымшасына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі стандартта келтірілген.

Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің «newscab.kazpatent.kz» ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер (бұдан әрі – 4-қосымша) бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде «жеке кабинетте» көрсетіледі.

6 6. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар өтініш берушінің өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілсіз Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде жүзеге асыра алады.

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Тиісті құжаттарды тексеру және төлем нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама дайындайды және осы қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
Егер көрсетілетін қызметті алушымен құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, немесе стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жауапты орындаушы осы қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған (ЭЦҚ) нысан бойынша көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

8 8. Тіркелген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бюллетеньде селекциялық жетістікке айрықша құқықты беруді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның

5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Селекциялық жетістіктерге пайдалану құқықығын беруді тіркеу тәртібі

10 10. «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

11

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы қағиданың 7-қосымшасындағы «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі стандартта келтірілген.

Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің «newscab.kazpatent.kz» ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде «жеке кабинетте» көрсетіледі.

13 13. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар өтініш берушінің өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілсіз Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде жүзеге асыра алады.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Тиісті құжаттарды тексеру және төлем нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама дайындайды және осы қағидалардың 11, 12-қосымшаларына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
Егер көрсетілетін қызметті алушымен құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, немесе стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жауапты орындаушы осы қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған (ЭЦҚ) нысан бойынша көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

15 15. Тіркелген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бюллетеньде селекциялық жетістікке пайдалану құқықығын беруді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды.

16

16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

17

17. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемқызметтер туралы заңның 25-бабының
2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

18 18. Мемлекеттiк көрсетілген қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

5 5-тарау. Селекциялық жетістікке ашық немесе мәжбүрлі лицензиясына құқық беруді тіркеу тәртібі

19 19. Ашық лицензияға құқық беру үшін патент иеленуші «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (бұдан әрі – «ҰЗМИ» РМК) кез келген тұлғаға селекциялық жетістіктерді пайдалануға лицензия алуға құқықты беру туралы өтініш береді.

«ҰЗМИ» РМК ашық лицензия беру туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды.
Көрсетілген лицензияны алуға ниет білдірген тұлға патент иеленушімен жазбаша түрде шарт жасасуға міндетті. Шарттың талаптары бойынша дауларды қолдаңыстағы заңнамаға сәйкес сотта қаралады.

20 20. Соттың мәжбүрлі лицензиясын беру туралы шешімі негізінде «ҰЗМИ» РМК Мемлекеттік тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді және оларды жариялайды. Сот шешімі шыққан күн тіркеу күні болып табылады.

1 «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің «Ұлт­тық зи­ят­кер­лік мен­шік ин­сти­ту­ты» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – «ҰЗ­МИ» РМК).
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы (бұ­дан әрі – пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
10 (он) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Се­лек­ци­я­лық же­ті­стікке ай­рық­ша құқық­ты бе­ру­ді тір­кеу неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны – элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
«Се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктер­ді қор­ғау ту­ра­лы» 1999 жы­л­ғы 13 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 3-2 ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­кі­ті­ле­тін және уәкі­лет­ті ор­ган­ның adilet.gov.​kz және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​kaz​pate​nt.​kz ре­сми сайт­та­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер­ге және ба­ға­лар­ға сәй­кес ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, құ­жат­тар­ды қа­был­дау тәу­лік бойы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер қа­был­дау мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жайы: «ҰЗ­МИ» РМК-ның www.​kaz​pate​nt.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар ті­зі­мі
1) осы қа­ғи­да­ның 2 және 3-қо­сым­ша­ла­ры­на сәй­кес ны­сан­дар бой­ын­ша өзге­ге бе­ру/іші­на­ра бе­ру шар­ты бой­ын­ша се­лек­ци­я­лық же­ті­стікке ай­рық­ша құқық­ты бе­ру­ді тір­кеу үшін же­ке және (неме­се) заң­ды тұл­ға­ның элек­трон­дық ны­сан­да­ғы өті­ніш­те­рі;
2) се­лек­ци­я­лық же­ті­стікке ай­рық­ша құқық­ты бе­ру ту­ра­лы шар­ттың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі не шар­ттың но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі;
3) ұлт­тық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өті­ніш бер­ген жағ­дай­да, қор­ғау құ­жа­ты неме­се ай­рық­ша құқық­тар ие­сі­нің бас­қа­ру ор­ган­да­ры неме­се құ­ры­л­тай­шы­лар­дың/ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы ше­ші­мі­мен шарт жа­са­су және шар­тқа кә­сі­по­рын бас­шы­сы­ның қол қою өкі­лет­ті­гін бе­ру мә­се­ле­сі бой­ын­ша ше­ші­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) се­нім­хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі егер мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш өкіл ар­қы­лы бе­ріл­се.
Тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­ден ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) се­лек­ци­я­лық же­ті­стікке ай­рық­ша құқық­ты тоқ­та­ту­ға ар­нал­ған қал­пы­на кел­ті­ру мер­зім­нің аяқ­та­луы;
2) негіз­дер­ді қал­пы­на кел­ті­ру үшін тір­ке­у­ге уа­қыт­ша ке­дер­гі кел­ті­ре­тін мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы;
3) ке­лі­сім­ге қа­ты­су­шы бо­лып та­был­май­тын тұл­ға­дан тір­ке­у­ге өті­нім қа­был­дау;
4) се­лек­ци­я­лық же­ті­стікке ай­рық­ша құқық­ты ие­лік ету құқы­ғын тiр­ке­удiң бол­мауы;
5) та­рап­тың се­лек­ци­я­лық же­ті­стікті пай­да­ла­ну құқы­ғын бе­ру­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­тін қа­был­дан­ған мін­дет­те­ме­лер­дің бо­луы.
Құ­жат­тар­ды ре­сім­де­у­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар бұ­зы­л­ған неме­се шар­тты тір­ке­у­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­тін негіз­дер болған жағ­дай­да, бі­рақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­мен қал­пы­на кел­ті­рі­луі мүм­кін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жі­бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап үш ай ішін­де бол­ма­ған неме­се тү­зе­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсы­ну­ға не бол­ма­са ти­іс­ті өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гізу­ге ха­бар­ла­ма жол­да­на­ды. Бұл жағ­дай­да құ­жат­тар­ға тек­се­ру жүр­гі­зу мер­зі­мі бол­ма­ған неме­се тү­зе­ті­л­ген құ­жат­тар ұсы­ны­л­ған күн­нен ба­стап есеп­те­ле­ді.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға және бiрың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777 ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ақ­па­рат­тық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры уәкі­лет­ті ор­ган­ның www.​adilet.​gov.​kz және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​kaz​pate​nt.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да көр­се­ті­л­ген.

2 Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы
ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты
айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

1 1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

__________________________________________________________________________

2 2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)

(бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________________

3 3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

__________________________________________________________________________

4 4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

__________________________________________________________________________

5 5. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

__________________________________________________________________________
Қосымшалар:
Шарт ____ парақта;
Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат
көшірмесі_______парақта______данада;
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
Басқа құжат (көрсету).
Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.)
Рөлі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

3 Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы
ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша
құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

1 1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

__________________________________________________________________________

2 2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)

(бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________________

3 3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы,

заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________________

4 4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

__________________________________________________________________________

5 5. Берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

__________________________________________________________________________

6 6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

__________________________________________________________________________
Қосымшалар:
Шарт ____ парақта;
Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат
көшірмесі_______парақта______данада;
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
Басқа құжат (көрсету).
Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.)
Рөлі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

4 Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері
Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қоғалжын тас жолы, 3Б ғимараты
БСН: 020940003199
КБЕ: 16
ТБК: 859
Банк атауы, ЖСК, БСК:
«Нұрбанк» акционерлік қоғамы KZ8584905KZ006015415NURSKZKX
«Қазақстанның Халық Банкі» акционерлік қоғамы KZ386010111000288323 HSBKKZKX, KZ366017111000000792 HSBKKZKX
«Сбербанк» акционерлік қоғамының еншілес банкі KZ14914012203KZ0047J SABRKZKA
Нұр-Сұлтан қаласындағы «ForteBank» акционерлік қоғамының филиалы KZ1096503F0007611692IRTYKZKA

5 «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Патент иеленуші:
Құқықтық мирасқор:
«Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы
ХАБАРЛАМА
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның _ бабының _ тармағына сәйкес селекциялық жетістікке құқықтарды басқаға беру шарты (ішінара) № _ патент (-тері) бойынша айрықша құқықты беру Қазақстан Республикасы Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгені туралы хабарлайды.
(ЭЦҚ)

6 «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Патент иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар), Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):
Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат), кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):
«Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы
ХАБАРЛАМА
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның _бабының _ тармағына сәйкес басқаға (ішінара) беру шарты бойынша тіркеуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
(ЭЦҚ)

7 «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
«Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн
пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің «Ұлт­тық зи­ят­кер­лік мен­шік ин­сти­ту­ты» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – «ҰЗ­МИ» РМК)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы (бұ­дан әрі – пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
10 (он) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктер­ге пай­да­ла­ну құқы­қы­ғын бе­ру­ді тір­кеу неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны – элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
«Се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктер­ді қор­ғау ту­ра­лы» 1999 жы­л­ғы 13 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 3-2 ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­кі­ті­ле­тін және уәкі­лет­ті ор­ган­ның adilet.gov.​kz және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​kaz​pate​nt.​kz ре­сми сайт­та­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған се­лек­ци­я­лық же­ті­стіктер­ді қор­ғау са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер­ге және ба­ға­лар­ға сәй­кес ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, құ­жат­тар­ды қа­был­дау тәу­лік бойы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер қа­был­дау мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жайы: «ҰЗ­МИ» РМК-ның www.​kaz​pate​nt.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сы­ның «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар ті­зі­мі
1) осы қа­ғи­да­лар­дың 8, 9 және
10-қо­сым­ша­ла­ры­на сәй­кес ны­сан­дар бой­ын­ша ли­цен­зи­я­лық шарт, ке­шен­ді кә­сіп­кер­лік ли­цен­зия шар­ты неме­се ли­цен­зи­я­лық шар­ттың элек­трон­дық түр­де­гі та­лап­та­рын қам­ти­тын өзге шарт бой­ын­ша се­лек­ци­я­лық же­ті­стікті пай­да­ла­ну құқы­ғын бе­ру­ді тір­кеу үшін же­ке және (неме­се) заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рі;
2) се­лек­ци­я­лық же­ті­стікті пай­да­ла­ну құқы­ғын бе­ру ту­ра­лы шар­ттың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се шар­ттың но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі;
3) ұлт­тық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өті­ніш бер­ген жағ­дай­да, қор­ғау құ­жа­ты неме­се ай­рық­ша құқық­тар ие­сі­нің бас­қа­ру ор­ган­да­ры неме­се құ­ры­л­тай­шы­лар­дың/ак­ци­о­нер­лер­дің жал­пы ше­ші­мі­мен шарт жа­са­су және шар­тқа кә­сі­по­рын бас­шы­сы­ның қол қою өкі­лет­ті­гін бе­ру мә­се­ле­сі бой­ын­ша ше­ші­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) се­нім­хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі егер мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш өкіл ар­қы­лы бе­ріл­се.
Тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­ден ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) се­лек­ци­я­лық же­ті­стікке ай­рық­ша құқық­ты тоқ­та­ту­ға ар­нал­ған қал­пы­на кел­ті­ру мер­зім­нің аяқ­та­луы;
2) негіз­дер­ді қал­пы­на кел­ті­ру үшін тір­ке­у­ге уа­қыт­ша ке­дер­гі кел­ті­ре­тін мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы;
3) ке­лі­сім­ге қа­ты­су­шы бо­лып та­был­май­тын тұл­ға­дан тір­ке­у­ге өті­нім қа­был­дау;
4) ли­цен­зи­я­лық шар­тты неме­се оған қо­сым­ша ке­лі­сім­ді тір­ке­удің бол­мауы;
5) се­лек­ци­я­лық же­ті­стікке пай­да­ла­ну құқы­ғын бе­ру­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­тін та­рап­тар­да мін­дет­те­ме­лер­дің бо­луы.
Құ­жат­тар­ды ре­сім­де­у­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар бұ­зы­л­ған неме­се шар­тты тір­ке­у­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­тін негіз­дер болған жағ­дай­да, бі­рақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­мен қал­пы­на кел­ті­рі­луі мүм­кін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жі­бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап үш ай ішін­де бол­ма­ған неме­се тү­зе­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ұсы­ну­ға не бол­ма­са ти­іс­ті өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гізу­ге ха­бар­ла­ма жол­да­на­ды. Бұл жағ­дай­да құ­жат­тар­ға тек­се­ру жүр­гі­зу мер­зі­мі бол­ма­ған неме­се тү­зе­ті­л­ген құ­жат­тар ұсы­ны­л­ған күн­нен ба­стап есеп­те­ле­ді.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға және бiрың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777 ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ақ­па­рат­тық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры уәкі­лет­ті ор­ган­ның www.​adilet.​gov.​kz және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​kaz​pate​nt.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да көр­се­ті­л­ген.

8 Құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы
ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты
лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

1 1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

__________________________________________________________________________

2 2. Лицензиар (қосалқы лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)

(бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________________

3 3. Лицензиат (қосалқы лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*,

заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________________

4 4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

__________________________________________________________________________

5 5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

__________________________________________________________________________

6 6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

__________________________________________________________________________
Қосымшалар:
Шарт ____ парақта;
Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат
көшірмесі_______парақта______данада;
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
Басқа құжат (көрсету).
Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.)
Рөлі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

9 Құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеу туралы
ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты
кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеуді
сұраймын.

1 1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

__________________________________________________________________________

2 2. Кешенді лицензиар (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)

(бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________________

3 3. Кешенді лицензиат (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*,

заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________________

4 4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

__________________________________________________________________________

5 5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

__________________________________________________________________________

6 6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

__________________________________________________________________________
Қосымшалар:
Шарт ____ парақта;
Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат
көшірмесі_______парақта______данада;
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
Басқа құжат (көрсету).
Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.)
Рөлі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

10 Құқықты лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеу туралы ӨТІНІШ

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
10-қосымша
Нысан
Құқықты лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеу туралы
ӨТІНІШ
Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты жасалған
лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша
келісімді тіркеуді сұраймын.

1 1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

__________________________________________________________________________

2 2. Шарттың тіркеу нөмірі және тіркелген күні:

__________________________________________________________________________

3 3. Лицензиар (қосалқы лицензиар, кешенді лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты

(бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________________

4 4. Лицензиат (қосалқы лицензиат, кешенді лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. /

заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________________

5 5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

__________________________________________________________________________

6 6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

__________________________________________________________________________
Қосымшалар:
Шарт ____ парақта;
Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат
көшірмесі_______парақта______данада;
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;
Басқа құжат (көрсету).
Күні ЭЦҚ (Т.А.Ә.)
Рөлі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі
*Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

11 «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
11-қосымша
Нысан
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Лицензиар (Қосалқы лицензиар):
Лицензиат (Қосалқы лицензиат):
«Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы
ХАБАРЛАМА
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның _ бабының _ тармағына сәйкес № _ патент (-тері) бойынша селекциялық жетістікті пайдалануға лицензиялық шарт бойынша айрықша (емес) (қосалқы) лицензия беру шарты Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.
(ЭЦҚ)

12 «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
12-қосымша
Нысан
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):
Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):
«Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызметтін көрсету туралы
ХАБАРЛАМА
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның _ бабының _ тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінде
№_ патенті (-тері) бойынша селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша лицензия беру (бермеу) туралы кешенді кәсіпкерлік (қосалқы) лицензиялық шарты тіркелгенін хабарлайды.
(ЭЦҚ)

13 «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды, Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларына
13-қосымша
Нысан
Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Патент иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар), Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):
Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат), кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):
«Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы
ХАБАРЛАМА
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңның _ бабының _ тармағына сәйкес басқаға беру (ішінара) (қосалқы) лицензиялық шарты, кешенді кәсіпкерлік (қосалқы) лицензиялық шарты, кепіл шарты тіркеуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
(ЭЦҚ)

Қолданыстағы