О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1349 «Об утверждении Правил проведения экспертизы заявок на селекционные достижения, объекты промышленной собственности, товарные знаки и наименования мест происхождения товаров, регистрацию топологий интегральных микросхем»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1349 «Об утверждении Правил проведения экспертизы заявок на селекционные достижения, объекты промышленной собственности, товарные знаки и наименования мест происхождения товаров, регистрацию топологий интегральных микросхем»
- Атауы (қаз.)
- «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 677
- Қабылданған күні
- 30.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2020 149229_495761.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021707
- ЭКБ идентификаторы
- 149229
- Редакция идентификаторы
- 149229_495761
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:27
0 «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркеліп, 2018 жылғы 10 қазанда нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларында:
88-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілері ретінде қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттарды азайтуға бағытталған электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн жаңартылатын энергия көздерiн күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, қолданып, ойлап табылған сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отынды қамтитын өнертабыстар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы технологияларды қамтитын өнертабыстар, пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық ауруларды, сондай-ақ онкологиялық ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу саласындағы өнертабыстар танылады.».