Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1349 «Об утверждении Правил проведения экспертизы заявок на селекционные достижения, объекты промышленной собственности, товарные знаки и наименования мест происхождения товаров, регистрацию топологий интегральных микросхем»

Бұйрық · № 118 · қабылданған 10.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-1349-ekb-164513/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1349 «Об утверждении Правил проведения экспертизы заявок на селекционные достижения, объекты промышленной собственности, товарные знаки и наименования мест происхождения товаров, регистрацию топологий интегральных микросхем» Қолданыста Бұйрық ·№ 118 ·10.02.2022
10.02.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1349 «Об утверждении Правил проведения экспертизы заявок на селекционные достижения, объекты промышленной собственности, товарные знаки и наименования мест происхождения товаров, регистрацию топологий интегральных микросхем»

Қолданыста Бұйрық ·№ 118 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 августа 2018 года № 1349 «Об утверждении Правил проведения экспертизы заявок на селекционные достижения, объекты промышленной собственности, товарные знаки и наименования мест происхождения товаров, регистрацию топологий интегральных микросхем»
Атауы (қаз.)
«Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
118
Қабылданған күні
10.02.2022
Көрсетілген редакция
10.02.2022 164513_562506.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026809
ЭКБ идентификаторы
164513
Редакция идентификаторы
164513_562506
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:31

0

«Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жасау қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өтінімді алдын ала сараптау өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Алдын ала сараптама барысында өтінімнің мазмұны, сараптама жүргізу үшін қажетті материалдардың болуы, басымдық күні, ТКҚХС-ның қолданыстағы редакциясына сәйкес тауарлар мен қызметтердің тізбесі тексеріледі.
Сараптама ұйымы алдын-ала сараптама жүргізу мүмкін болмайтын қосымша немесе нақтылайтын мәліметтерді мынадай жағдайларда сұратады:
1) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар жинағын толық ұсынбаса;
2) өтініште қажетті мәліметтер, деректемелер, қолдары болмаса, сондай-ақ өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда;
3) құжаттарды ресімдеуде олардың тікелей репродукциялауға кедергі келтіретін кемшіліктері анықталса (өтінім материалдарын оқуды қиындататын баспа сапасы);
4) егер өтініш беруші көлемді, голографиялық, дыбыстық немесе иісті белгіні және (немесе) оның сипаттамасын беру қажеттілігін және ұсынған материалдар мәлімделген белгінің ерекшеліктерін жеткілікті түрде көрсетпесе;
5) тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер тізбесінің осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес келмесе.
Сарапшының сұрақтары, ескертулері және дәлелді ұсыныстары заңнама ережелеріне сілтемелермен бірге сұрау салу кезінде қалыптастырылады.
Сұрау салу өтініш берушіге жіберілген кезде алдын ала сараптама жүргізу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айға ұзартылады.
Сұрау салуға жауап беру немесе өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтінішхатқа сұрау салуға жауап беру мерзімін ұзартқаны үшін немесе өткізіп алған мерзімді қалпына келтіргені үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.
Сұрау салуға жауап немесе белгіленген мерзімдер өткеннен кейін сұрау салуға жауап беру мерзімін ұзарту туралы өтініш болмаған кезде өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл туралы өтініш берушіге белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.».

2 2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы