Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 июня 2018 года № 140 «Об утверждении Требований к надлежащей проверке клиентов в случае дистанционного установления деловых отношений субъектами финансового мониторинга»

Қаулы · № 216 · қабылданған 28.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-140/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 июня 2018 года № 140 «Об утверждении Требований к надлежащей проверке клиентов в случае дистанционного установления деловых отношений субъектами финансового мониторинга» Қолданыста Қаулы ·№ 216 ·28.11.2019
28.11.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 июня 2018 года № 140 «Об утверждении Требований к надлежащей проверке клиентов в случае дистанционного установления деловых отношений субъектами финансового мониторинга»

Қолданыста Қаулы ·№ 216 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 июня 2018 года № 140 «Об утверждении Требований к надлежащей проверке клиентов в случае дистанционного установления деловых отношений субъектами финансового мониторинга»
Атауы (қаз.)
«Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
216
Қабылданған күні
28.11.2019
Көрсетілген редакция
28.11.2019 136811_431973.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019707
ЭКБ идентификаторы
136811
Редакция идентификаторы
136811_431973
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:36

0 «Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне

қойылатын талаптарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17250 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) 5-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және КЖТҚҚ туралы заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілеріне
(бұдан әрі – қаржы мониторингі субъектілері) қолданылады.».

2 2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2019 жылғы «__» «__________»

Қолданыстағы