О внесении изменений в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 29 июня 2018 года № 21-2 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов Аккайынского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 29 июня 2018 года № 21-2 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов Аккайынского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 21-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2-6
- Қабылданған күні
- 20.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2023 180112_627250.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23SB00026M
- ЭКБ идентификаторы
- 180112
- Редакция идентификаторы
- 180112_627250
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:43
0 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының
2018 жылғы 29 маусымдағы № 21-2
«Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы ауылдық округтерінің жергілікті
қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы № 21-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4815 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.