Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Алакольского районного маслихата от 29 января 2018 года № 26-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Алакольского района»

Ереже · № 71-2 · қабылданған 16.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-26-2/on/2026-09-12/
Басып шығарылды 2026-09-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Алакольского районного маслихата от 29 января 2018 года № 26-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Алакольского района» Күшін жойған Ереже ·№ 71-2 ·16.06.2020
30.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Алакольского районного маслихата от 29 января 2018 года № 26-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Алакольского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 71-2 · 12.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Алакольского районного маслихата от 29 января 2018 года № 26-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Алакольского района»
Атауы (қаз.)
Алакөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 26-2 «Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71-2
Қабылданған күні
16.06.2020
Көрсетілген редакция
30.11.2023 144135_702705.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DE005548
ЭКБ идентификаторы
144135
Редакция идентификаторы
144135_702705
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:03

0 Алакөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 26-2

«Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы
21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алакөл аудандық мәслихатының «Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 26-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4523 тіркелген, 2018 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;»;
«4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.».
7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
«1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 200 айлық есептік көрсеткіш;»;
«5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;».
7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.».
7-тармақтың екінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшаcын есептемегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, еңбек, білім, денсаулықты сақтау, мәдениет, жастар ісі жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы