О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 268 «Об утверждении Правил обмена электронными информационными ресурсами между страхователем (застрахованным, выгодоприобретателем) и страховщиком, Правил уведомления о заключении договора страхования и требований к содержанию уведомления, Требований к программно-техническим средствам и интернет-ресурсам страховой (перестраховочной) организации, обеспечивающим заключение договоров ст
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 268 «Об утверждении Правил обмена электронными информационными ресурсами между страхователем (застрахованным, выгодоприобретателем) и страховщиком, Правил уведомления о заключении договора страхования и требований к содержанию уведомления, Требований к программно-техническим средствам и интернет-ресурсам страховой (перестраховочной) организации, обеспечивающим заключение договоров ст
- Атауы (қаз.)
- «Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларын және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қаза
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 31.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2020 129457_462037.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018311
- ЭКБ идентификаторы
- 129457
- Редакция идентификаторы
- 129457_462037
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:15
0
«Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларын және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 268 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтанушы мен сақтандырушы арасында өзара іс-қимыл жасау тәртібін жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларын және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17824 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу мыналарды:
міндетті және ерікті сақтандыру бойынша сақтандырушының интернет-ресурсын және оның мобильдік қосымшасын (бұдан әрі – интернет-ресурс);
немесе ерікті сақтандыру бойынша тиісті келісім негізінде сақтандырушының әріптестері болып табылатын басқа ұйымдардың интернет-ресурсын (бұдан әрі – әріптестің интернет-ресурсы) пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Сақтанушы (шығу туризмі саласындағы туроператор) мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша туристік өнімді қалыптастыруға және өткізуге арналған сақтанушының ақпараттық жүйесі мен сақтандырушының интернет-ресурсының ықпалдасуы арқылы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға қажетті ақпаратты беруге рұқсат етіледі.
Бұл ретте сақтандырушының сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шарттарын жасасуға және сақтанушының ақпараттық жүйесін қамтамасыз етуге немесе пысықтауға байланысты жұмыстар мен қызметтер үшін сыйақы төлеуіне жол берілмейді.».
2 2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті
(Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және
3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.