О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 270 «Об установлении требований к минимальному размеру уставного и собственного капитала страхового брокера, порядка формирования активов филиала страхового брокера-нерезидента Республики Казахстан, принимаемых в качестве резерва, и их минимального размера и утверждении Правил осуществления деятельности страхового брокера»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 270 «Об установлении требований к минимальному размеру уставного и собственного капитала страхового брокера, порядка формирования активов филиала страхового брокера-нерезидента Республики Казахстан, принимаемых в качестве резерва, и их минимального размера и утверждении Правил осуществления деятельности страхового брокера»
- Атауы (қаз.)
- «Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі мен олардың ең төменгі мөлшерін белгілеу және Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 14.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2021 156538_528362.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023109
- ЭКБ идентификаторы
- 156538
- Редакция идентификаторы
- 156538_528362
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:54
0
«Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі мен олардың ең төменгі мөлшерін белгілеу және Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-3-бабыың 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі мен олардың ең төменгі мөлшерін белгілеу және Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17836 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталын қалыптастыруға қойылатын мынадай талаптар белгіленсін:
1) жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында жаңадан құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері тиісінше «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағында және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында көзделген мөлшерден кем болмайды;
2) сақтандыру брокерінің меншікті капиталының ең төмен мөлшері мынадай шамалардан кем болмайды (мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен):
өзінің атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру брокері үшін – 3 500 (үш мың бес жүз);
өзінің атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру брокері үшін – 80 000 (сексен мың);
3) брокерлік қызметтің түрлерін қоса атқарған кезде сақтандыру брокерінің меншікті капиталының ең төмен мөлшері қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру брокерінің қызметіне қатысты белгіленген мөлшерлерден кем болмайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы қаулы, қаулының 1-тармағының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2) тармақшасын қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.».