«О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 272 «Об утверждении Правил применения мер надзорного реагирования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 272 «Об утверждении Правил применения мер надзорного реагирования»
- Атауы (қаз.)
- «Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 12.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 31.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2025 213401_779497.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036639
- ЭКБ идентификаторы
- 213401
- Редакция идентификаторы
- 213401_779497
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:51
0 «Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 272 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 272 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17789 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» (бұдан әрі – Ипотека туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), «Қазақстанның Даму Банкі туралы» (бұдан әрі – Даму Банкі туралы заң), «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» (бұдан әрі – Кепілдік беру қоры туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» (бұдан әрі – Кредиттік бюролар туралы заң), «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункті арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаны және айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаны қоспағанда), банк холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, сақтандыру брокеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, олардың басшы қызметкерлеріне, Қазақстанның Даму Банкіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерінің қатысушыларына, акционерлеріне, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін белгілейді.»;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары – банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерінің қатысушыларына, акционерлеріне, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаларға.».