О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 273 «О некоторых вопросах установления запрета на предоставление льготных условий лицам, связанным с банком особыми отношениями»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 273 «О некоторых вопросах установления запрета на предоставление льготных условий лицам, связанным с банком особыми отношениями»
- Атауы (қаз.)
- «Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 11.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2026 136052_818038.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019604
- ЭКБ идентификаторы
- 136052
- Редакция идентификаторы
- 136052_818038
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:55
0 «Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы
29 қазандағы № 273 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17781 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Заңның 40-бабының 3-тармағы үшінші бөлігінің мақсаттары үшін мыналар банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес өзге тұлғалар деп айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
2) банктер қауымдастықтары (одақтары);
3) банктер қатысатын қауымдастық (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері;
4) «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы;
5) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы;
6) «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы;
7) «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы;
8) кредиттік бюролар;
9) халықаралық қаржы ұйымдары;
10) мемлекеттік мекемелер;
11) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес үлестес тұлғалар деп танылмайтын тұлғалар;
12) банктің тәуелсіз директорының жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
13) банктің тәуелсіз директоры лауазымды тұлға болып табылатын заңды тұлға;
14) банктің тәуелсіз директоры орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегергенде) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін заңды тұлға;
15) осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегергенде) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды тұлғалары болып табылатын заңды тұлға.».