Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 января 2018 года № 29 «Об утверждении Правил формирования перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»

Бұйрық · № 343/НҚ · қабылданған 22.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-29-ekb-146813/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 января 2018 года № 29 «Об утверждении Правил формирования перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства» Қолданыста Бұйрық ·№ 343/НҚ ·22.09.2020
22.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 января 2018 года № 29 «Об утверждении Правил формирования перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 343/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 29 января 2018 года № 29 «Об утверждении Правил формирования перечня интернет-ресурсов государственных органов и объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»
Атауы (қаз.)
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
343/НҚ
Қабылданған күні
22.09.2020
Көрсетілген редакция
22.09.2020 146813_482874.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021310
ЭКБ идентификаторы
146813
Редакция идентификаторы
146813_482874
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:42

0 «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16331 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркісібі Министрінің
2020 жылғы 22 қыркүйегі
№ 343/НҚ
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар Министрінің 2018 жылғы
29 қаңтардағы № 29
бұйрығымен бекітілген
«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін белгілейді.

2

2. Осы Қағидалар «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерін қамтамасыз етуге арналғанға телекоммуникациялар желісіне таралмайды.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2

2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

3

3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары), телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;

4 4) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;

5 5) мемлекеттік органның архитектурасы – мемлекеттік органның міндеттерін, функцияларын, ұйымдық құрылымын, электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын және олардың өзара байланысын қоса алғанда, оның ағымдағы және жоспарланатын жай-күйінің сипаттамасы;

6 6) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

7

7) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы – сыныптауышқа сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе болып табылады;

8

8) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкіметтің» архитектурасын және «электрондық әкімдіктiң» үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.

2 2-тарау. Операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі

4 4. Мемлекеттік орган «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін (бұдан әрі – Объект) Тізбеге енгізу үшін төмендегі құжаттарды ұсынумен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтінішті уәкілетті органға жібереді:

1 1) ақпараттық жүйені енгізу кезінде:

ақпараттық жүйенің сипаттамасы;
техникалық құжаттаманың көшірмесі;
өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы құжат;
ақпараттық жүйеде тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәлімет;
осы ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі, не мемлекеттік органдардың осы ақпараттық жүйе арқылы автоматтандырылатын функциялар тізбесі;
ақпараттық жүйені пайдаланылатын мемлекеттік органдар саны және ақпараттық жүйе енгізілген объектілер (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер) саны;
ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі аттестатының көшірмесі (ақпараттық жүйе даму сатысында болған жағдайда мерзімі өтіп кеткен аттестат);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін таңдау өлшемшарттарына (бұдан әрі – Өлшемшарттар) ақпараттық жүйенің сәйкестігі туралы ақпарат;

2 2) АБК-ны енгізу кезінде:

АБК суреттемесі;
АБК техникалық сипаттамасы;
АБК тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәлімет;
мемлекеттік органның пайдаланушылары АБК арқылы өзара іс-қимылда болатын ақпараттық жүйелердің тізбесі;
әрбір бөлімше (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер) бойынша АБК пайдаланушыларының түпкілікті санын көрсетумен АБК-ны пайдаланатын мемлекеттік органның, оның ішінде аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің тізімі;
мемлекеттік органда пайдалануға рұқсат берілген бағдарламалық қамтылымның тізімі;
АБК-ның Өлшемшарттарға сәйкестігі туралы ақпарат.

5

5. Уәкілетті орган мемлекеттік орган ұсынған құжаттарды өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексереді және оларды объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынысты беру, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналасқан объектілер туралы мәліметті ұсыну үшін сервистік интеграторға жібереді.

6

6. Сервистік интегратор өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынысты, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналасқан объектілер туралы мәліметті уәкілетті органға береді.

7 7. Уәкілетті орган объектіні мынадай негіздер бойынша енгізуден бас тартады:

1 1) егер объект Өлшемшарттарға сәйкес іріктеу қорытындысы бойынша үш және одан астам балл алмаса. Бұл ретте, әрбір өлшемшартта минимум бір балл алу қажет;

2 2) объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес болмауы. Бұл ретте, мемлекеттік органда архитектураның болмауы объектіні Тізбеге енгізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

8 8. Уәкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды және өз шешімі туралы мемлекеттік органға хабарлайды:

1 1) объектінің Тізбеге енгізілуі туралы;

2 2) бас тарту себептерін көрсетумен объектіні Тізбеге енгізуден бас тарту туралы.

9 9. Объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынумен қабылданған шешім туралы операторға хабарлайды.

10 10. Уәкілетті орган объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім негізінде тиісті бұйрық әзірлеу мен қабылдау жөніндегі рәсімді жүзеге асырады.

11 11. Тізбеге енгізілген объектіні пайдалану тоқтатылған жағдайда мемлекеттік орган осы объектіні Тізбеден алып тастау үшін уәкілетті органға хабарлайды.

1.2 «Электрондық үкiметтiң»

ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының
операторына бекітіп берілетін
«электрондық үкiметтiң»
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерінің
тізбесін қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге_______________________
(ақпараттандыру саласындағы
уәкілетті органның атауы)
________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектісінің атауы) сұрайды.
____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), қолы, күні)
Мөр орны

1.3 «Электрондық үкiметтiң»

ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының
операторына бекітіп берілетін
«электрондық үкiметтiң»
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы объектілерінің
тізбесін қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша
р/с

Өл­шем­шарт ата­уы
Нұс­қа­лар
1.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің ауқы­мы және (неме­се) ап­па­рат-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен (бұ­дан әрі - АБК)
1.1.
Бір­ден астам ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның (бұ­дан әрі - ОМО) қыз­мет­кер­ле­рі ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ла­ры бо­лып та­бы­ла­ды
1
0
1.2.
Бір ОМО-ның бар­лық ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры­ның және аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің (бар болған жағ­дай­да) қыз­мет­кер­ле­рі ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ла­ры бо­лып та­бы­ла­ды
1
0
1.3.
Бір­ден астам ОМО ақ­па­рат­тық жүй­е­сі де­ректер алу үшін осы ақ­па­рат­тық жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған және де­ректер­ді тұ­рақ­ты негіз­де қол­да­на­ды
1
0
1.4.
Бір ОМО–ның ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры­ның және 16 аумақ­тық бө­лім­ше­нің (бар болған жағ­дай­да) ақ­па­рат­тық жүй­е­сі де­ректер алу үшін осы ақ­па­рат­тық жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған және олар­ды тұ­рақ­ты негіз­де қол­да­на­ды
1
0
2.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК са­на­ты
2.1.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК аза­мат­тар және олар­дың мүл­кі ту­ра­лы де­ректер­дің же­ке­ле­ген са­нат­та­ры үшін эта­лон­дық сақ­тау ор­ны не сақ­тау құ­ра­лы бо­лып та­бы­ла­ды
1
0
2.2.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу ке­зін­де аза­мат­тар­дан та­лап еті­ле­тін бас­қа да ба­стап­қы де­ректер­ді эта­лон­дық сақ­тау ор­ны не сақ­тау құ­ра­лы бо­лып та­бы­ла­ды
1
0
2.3.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК үш­тен астам элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін жұ­мыс іс­тей­ді неме­се ол үшін жағ­дай жа­сай­ды
1
0
2.4.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лы­ғы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­ла­ры­ның жа­бық кі­лт­те­рі­мен ақ­па­рат та­су­шы­лар­ды пай­да­ла­ну­мен мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың өза­ра іс-қи­мы­лын және олар­ды санк­ци­я­сыз қол жет­кі­зу­ден қор­ғауды қам­та­ма­сыз ете­ді
1
0
2.5.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры­ның Бі­рың­ғай кө­лік ор­та­сын­да жұ­мыс іс­тей­ді
1
0
3.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК пай­да­ла­ну­шы­ла­ры­ның са­ны
3.1.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­де 1000-нан астам тір­кел­ген бел­сен­ді пай­да­ла­ну­шы бар
1
0
3.2.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­де­гі және (неме­се) АБК-да­ғы ба­стап­қы де­ректер­ді 100 000-нан астам адам пай­да­ла­на­ды
1
0
3.3.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­ге және (неме­се) АБК-ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бар­лық мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­ле­рі­нің ке­мін­де 50 %-ы қо­сы­л­ған
1
0
3.4.
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бар­лық пай­да­ла­ну­шы­сы АБК құ­ра­уыш ком­по­нент­те­рін пай­да­ла­на­ды
1
0

Қолданыстағы