Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникации Республики Казахстан от 29 января 2018 года № 29 «Об утверждении Правил формирования перечня объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»

Бұйрық · № 353/НҚ · қабылданған 29.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-29/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникации Республики Казахстан от 29 января 2018 года № 29 «Об утверждении Правил формирования перечня объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства» Қолданыста Бұйрық ·№ 353/НҚ ·29.09.2022
29.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникации Республики Казахстан от 29 января 2018 года № 29 «Об утверждении Правил формирования перечня объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 353/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникации Республики Казахстан от 29 января 2018 года № 29 «Об утверждении Правил формирования перечня объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникация Министрінің бұйрығына 2018 жылдан бастап 29 қаңтардағы № 29"электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру ережелерін бекіту" өзгерістер енгізу туралы.
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
353/НҚ
Қабылданған күні
29.09.2022
Көрсетілген редакция
29.09.2022 172308_595316.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029938
ЭКБ идентификаторы
172308
Редакция идентификаторы
172308_595316
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:43

0

Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникация Министрінің бұйрығына 2018 жылдан бастап 29 қаңтардағы № 29"электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру ережелерін бекіту" өзгерістер енгізу туралы.
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация Министрінің бұйрығына 2018 жылдан бастап 29 қаңтардағы № 29 «Об утверждении Правил формирования перечня объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру ережелерін бекіту" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тізілімінде № 16331 тіркелген) келесі өзгерістер:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру ережелері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің Департаменті цифрлық трансформация заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3 3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын, бақылауы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшке енгізіледі.

0 «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру Ережелері

Қазақстан Республикасының Цифрлық
даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 353/НҚ Осы бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
Министрінің бұйрығымен бекітілген
2018 жылғы 29 қаңтардағы
№ 29
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру Ережелері

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «электрондық үкіметті» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметті» «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабына 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» (бұдан әрі – Тізбе) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Осы Ережелер мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ақпараттандыру саласындағы өкілетті орган (бұдан әрі – өкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманы ұйымдастырып ретке келтірілген жиынтығы;

3

3) ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары), телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;

4 4) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтыуы мен техникалық құралдардың жиынтығы;

5 5) «электрондық үкіметтің» архитектурасы – тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;»

6 6) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;

7

7) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы - ақпараттандыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру, «электрондық үкіметтің» архитектурасына арналған ақпараттандыру объектісі;

8

8) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы – Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына көзделген өзге де функциялар жүктелген, заңды тұлға.

2 2 тарау. Операторға бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі

3 3. Мемлекеттік орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісін (бұдан әрі – объект) Тізбеге енгізу үшін өкілетті органға келесі құжаттарды ұсына отырып, осы Ережелдің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:

1 1) ақпараттық жүйені Тізбесіне қосқан кезде:

осы ақпараттық жүйенің көмегімен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесіне осы ақпараттық жүйенің көмегімен автоматтандырылатын мемлекеттік органдардың функцияларының тізбесі;
осы Ережелердің 2-қосымшаға сәйкес операторға бекітілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық жүйенің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі туралы ақпарат (бұдан әрі – өлшемдер).

2 2) АБК Тізбесіне қосу кезінде:

АБК тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәліметтер;
АБК арқылы мемлекеттік органның пайдаланушылары өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелердің тізбесі;
әрбір бөлімше (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, Аумақтық бөлімшелер) бойынша АБК пайдаланушылардың түпкілікті санын көрсете отырып, АБК-ні пайдаланатын мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде аумақтық бөлімшелерінің тізімі;
мемлекеттік органда пайдалануға рұқсат етілген бағдарламалық қамтылымның тізімі;
АБК өлшемдеріне сәйкестігі туралы ақпарат.
Бұл ретте мемлекеттік органдар «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сәйкес ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және оларға техникалық құжаттаманың электрондық көшірмелерін орналастыруды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18949 болып тіркелген).

4

4. Өкілетті орган Мемлекеттік орган ұсынған, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тексереді және олардың «электрондық үкіметтің» объектінң архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынымдарды, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналастырылған объектілер туралы мәліметтерді ұсыну үшін өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде сервистік интеграторға жібереді.

5

5. Сервистік интегратор өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өкілетті органға объектінің, мемлекеттік органның «электрондық үкімет» архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынымдарды, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналастырылған объектілер туралы мәліметтерді ұсынады, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында объект туралы мынадай мәліметтердің бар-жоғын растайды:

1 1) ақпараттық жүйені Тізбесіне қосқан кезде:

ақпараттық жүйенің сипаттамасы;
техникалық құжаттаманың көшірмесі;
өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру туралы құжат;
ақпараттық жүйенің тіркелген пайдаланушыларының саны туралы мәліметтер;
ақпараттық жүйені пайдаланатын мемлекеттік органдардың саны және ақпараттық жүйе енгізілген объектілердің саны (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, Аумақтық бөлімшелер);
ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша актінің көшірмесі (егер ақпараттық жүйе даму сатысында болған жағдайда, Мерзімі өткен сынақтар актісі).

2 2) АБК Тізбесіне қосу кезінде:

АБК сипаттамасы;
АБК техникалық сипаттамалары.

6 6. Өкілетті орган объектіні келесі негіздер бойынша енгізуден бас тартады:

1 1) егер объект өлшемшарттарға сәйкес іріктеу қорытындысы бойынша үш және одан көп балл жинамаса. Бұл ретте әрбір өлшемшартта кемінде бір балл жинау қажет;

2 2) объектінің «электрондық үкімет» архитектурасына сәйкес болмауы.

3 3) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында объект туралы орналастырылған мәліметтердің болмауы.

7 7. Өкілетті орган сервистік интегратордан ұсыным алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шешім қабылдайды және өзінің шешімі туралы Мемлекеттік органды хабар береді:

1 1) объектіні Тізбеге енгізу туралы;

2 2) бас тарту себептерін көрсете отырып, объектті Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

8 8. Объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда өкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде операторды осы Қағидалардың 4-ші және 6-шы тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсына отырып, қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

9 9. Өкілетті орган объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім негізінде бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті бұйрықты әзірлеу және қабылдауды жүзеге асырады.

10 10. Тізбеге енгізілген объектіні пайдалану тоқтатылған жағдайда, Мемлекеттік орган он жұмыс күні өткеннен кейін осы объектіні Тізбеден алып тастау үшін өкілетті органды хабардар етеді.

1 ӨТІНІШ операторға бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық объектілердің тізбесіне қосу

Ережелерге 1-і қосымша
«электрондық үкімет» ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылымы
объектілерінің тізбесіне қалыптастыру,
операторына бекітілетін
«электрондық үкіметтің»
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы
Пішіні
Кімге_______________________
( ақпраттандыру саласындағы
өкілетті органның атауы)
ӨТІНІШ
операторға бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің»
ақпараттық-коммуникациялық объектілердің тізбесіне қосу
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
                        (өкілетті органның атауы)
сұрайды
_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(«электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің атауы)
________________________________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде), қолы, күні)
      Мөрге арналған орын

2 Іріктеу критерийлері, операторға бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесі

Ережелерге 2-і қосымша
«электрондық үкімет» ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылымы
объектілерінің тізбесіне
қалыптастыру, операторына
бекітілетін «электрондық
үкіметтің» ақпараттық-
коммуникациялық
инфрақұрылымы
Іріктеу критерийлері, операторға бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесі

Кри­те­рий ата­уы
Нұс­қа­ла­ры
1
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің (бұ­дан әрі – АБК) ауқы­мы
1.1.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК - нің тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ла­ры 1-ден астам ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның (бұ­дан әрі – ОМО) қыз­мет­кер­ле­рі бо­лып та­бы­ла­ды.
1
0
1.2.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК-нің тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ла­ры бір ОМО-ның бар­лық ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры­ның және аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің қыз­мет­кер­ле­рі (болған жағ­дай­да) бо­лып та­бы­ла­ды.
1
0
1.3.
1-ден астам ОМО ақ­па­рат­тық жүй­е­сі де­ректер­ді алу үшін осы ақ­па­рат­тық жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған және де­ректер­ді тұ­рақ­ты негіз­де пай­да­ла­на­ды
1
0
1.4.
Бар­лық ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­дар­дың және бір ОМО-ның 20 аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сі (болған жағ­дай­да) де­ректер­ді алу үшін осы ақ­па­рат­тық жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған және олар­ды тұ­рақ­ты негіз­де пай­да­ла­на­ды
1
0
2
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК са­на­ты
2.1.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК эта­лон­дық сақ­тау ор­ны не же­ке­ле­ген са­нат­тар, аза­мат­тар неме­се олар­дың мүл­кі ту­ра­лы де­ректер үшін сақ­тау құ­ра­лы бо­лып та­бы­ла­ды.
1
0
2.2.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК эта­лон­дық сақ­тау ор­ны не мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алу ке­зін­де аза­мат­тар­дан та­лап еті­ле­тін бас­қа да ба­стап­қы де­ректер­ді сақ­тау құ­ра­лы бо­лып та­бы­ла­ды.
1
0
2.3.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК 3-тен астам элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну үшін іс­ке қо­сы­л­ған неме­се жағ­дай жа­сай­ды.
1
0
2.4.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лы­ғы­ның элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­сы­ның жа­бық кі­лт­те­рі бар ақ­па­рат жет­кіз­гіш­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың өза­ра іс-қи­мы­лын және олар­ды санк­ци­я­лан­ба­ған қол жет­кі­зу­ден қор­ғауды қам­та­ма­сыз ете­ді.
1
0
2.5.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры­ның бі­рың­ғай кө­лік­тік ор­та­сын­да жұ­мыс іс­тей­ді.
1
0
3
Ақ­па­рат­тық жүй­е­ні және (неме­се)АБК пай­да­ла­ну­шы­лар­дың са­ны
3.1.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­де 1000-нан астам бел­сен­ді тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­лар бар
1
0
3.2.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК-нің ба­стап­қы де­ректе­рін 100 000-нан астам адам пай­да­ла­на­ды.
1
0
3.3.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­ге және (неме­се) АБК-ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бар­лық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­нің ке­мін­де 50%-ы қо­сы­л­ған
1
0
3.4.
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бар­лық пай­да­ла­ну­шы­ла­ры АБК құ­рам­дас бө­лік­те­рін пай­да­ла­на­ды
1
0

Қолданыстағы