Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 297 «Об установлении особенностей деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков»

Қаулы · № 27 · қабылданған 26.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-297-ekb-141452/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 297 «Об установлении особенностей деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков» Күшін жойған 03.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 297 «Об установлении особенностей деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков»

Күшін жойған Қаулы № 27 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 297 «Об установлении особенностей деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков»
Атауы (қаз.)
«Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27
Қабылданған күні
26.03.2020
Көрсетілген редакция
03.04.2026 141452_817341.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020328
ЭКБ идентификаторы
141452
Редакция идентификаторы
141452_817341
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:30
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату

комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18176 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінде:
11-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және мемлекеттік кірістер органдарына банкті ерікті түрде таратудың басталғаны туралы хабарлайды;»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Банктің ағымдағы шоттары теңгеде және қажет болса шетел валютасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Кредиторлардың шағым-талап қоюы (өтініш беруі), оларды тарату комиссиясының қарауы және қабылдауы, сондай-ақ банктің аралық тарату балансын қалыптастыру мен бекіту Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысымен (бұдан әрі – № 40 қағидалар) бекітілген Банктерді таратуды және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату қағидалары мен тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 103 және 103-1-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.».

2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.