О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 297 «Об установлении особенностей деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 297 «Об установлении особенностей деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков»
- Атауы (қаз.)
- «Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 24.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2026 145751_817345.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021127
- ЭКБ идентификаторы
- 145751
- Редакция идентификаторы
- 145751_817345
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:08
0 «Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары
қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18176 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінде:
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаны және құндылықтарды сақтауды, сондай-ақ кассалық операциялар мен құжаттарды жүргізуді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген және банкке ерікті түрде таратылу процесіне сәйкес келетін бөлігінде қолданылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.».