О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 297 «Об установлении особенностей деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 297 «Об установлении особенностей деятельности ликвидационных комиссий добровольно ликвидируемых банков»
- Атауы (қаз.)
- «Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 117
- Қабылданған күні
- 14.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2026 150187_817347.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021838
- ЭКБ идентификаторы
- 150187
- Редакция идентификаторы
- 150187_817347
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:06
0 «Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18176 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінде:
11-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген, «Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарату комиссиясы құрылған күні автоматтандырылған есепке алу жүйесінің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіру арқылы (резервтік көшірмелер) қолда бар электрондық түрдегі екінші деңгейдегі банктің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті басып шығарады. Бұл ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;».