Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 300 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение фи

Қаулы · № 53 · қабылданған 22.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-300/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 300 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение фи Қолданыста Қаулы ·№ 53 ·22.08.2022
22.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 300 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение фи

Қолданыста Қаулы ·№ 53 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 ноября 2018 года № 300 «Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг и (или) деятельность по управлению инвестиционным портфелем, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение фи
Атауы (қаз.)
«Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының на
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
53
Қабылданған күні
22.08.2022
Көрсетілген редакция
22.08.2022 171079_589132.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029322
ЭКБ идентификаторы
171079
Редакция идентификаторы
171079_589132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:30

0

«Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 300 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Келесі жағдайларда ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторлар анықталған кезде іс-шаралар жоспарын ұсыну талап етілмейді:
1) ұйымның пруденциялық нормативтерді бұзуға байланысты қолданылған қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) ұйымның тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар шеңберінде уәкілетті органның қойған талаптарын орындау кезеңінде;
2) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру кезеңінде;
3) ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізу кезеңінде;
4) сондай-ақ ұйым уәкілетті органға бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасағанда;
5) меншікті капиталдың жеткіліктілігі және өтімділік коэффициенттерінің мәндері тиісті пруденциялық нормативтердің талаптарынан үш еселенген мөлшерде асқан жағдайда.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) қатарынан 3 (үш) ай ішінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17008 болып тіркелген «Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысында (бұдан әрі – № 79 қаулы) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17005 болып тіркелген «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 қаулысында (бұдан әрі – № 80 қаулы) белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәнінен 0,3 тармаққа асатын немесе одан төмен деңгейге дейін екі және одан да көп рет төмендеуі;
2) бастапқы мәні № 79 қаулыда және № 80 қаулыда белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің мәнінен 0,3 тармаққа асатын деңгейден төмен болған кезде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі;
3) қатарынан 3 (үш) ай ішінде өтімді активтер көлемінің 20 (жиырма) және одан көп пайызға жиынтық төмендеуі;
4) қатарынан 3 (үш) ай ішінде шығынды қызмет.»

2 2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осы қаулының 1-тармағы тоғызыншы абзацының қолданысы 2022 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы