О внесении изменений в решение Павлодарского районного маслихата от 29 июня 2018 года № 35/183 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества села Ольгинка, сельских округов Павлодарского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского районного маслихата от 29 июня 2018 года № 35/183 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества села Ольгинка, сельских округов Павлодарского района»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы «Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 35/183 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12/59
- Қабылданған күні
- 06.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2021 159234_540354.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21PK01259M
- ЭКБ идентификаторы
- 159234
- Редакция идентификаторы
- 159234_540354
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:26
0 Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы «Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 35/183 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы «Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» № 35/183 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6020 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Павлодар ауданы Ольгинка ауылының, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығына сәйкес әзірленді.»;
4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Павлодар аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Павлодар ауданы әкімінің Ольгинка ауылының, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкіміне беріледі.
Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Павлодар аудандық мәслихатының қарауына беріледі.»;
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Ольгинка ауылы, ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.».