Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 693 «О создании специальной экономической зоны «TURKISTAN»

Қаулы · № 175 · қабылданған 06.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2018-no-693-turkistan-ekb-141160/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 693 «О создании специальной экономической зоны «TURKISTAN» Қолданыста Қаулы ·№ 175 ·06.04.2020
06.04.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 693 «О создании специальной экономической зоны «TURKISTAN»

Қолданыста Қаулы ·№ 175 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 693 «О создании специальной экономической зоны «TURKISTAN»
Атауы (қаз.)
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
175
Қабылданған күні
06.04.2020
Көрсетілген редакция
06.04.2020 141160_453443.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000175
ЭКБ идентификаторы
141160
Редакция идентификаторы
141160_453443
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:12

0 «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы
№ 693 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде әуеайлақты, аэровокзал мен ұшу-қону жолақтарын салу және пайдалануға беру;
9) әуежайлар мен әуе қозғалысын басқару; терминалдардың, әуежайлардың қызметі; әуеайлақтарда жердегі қызмет көрсетумен байланысты қызмет.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. АЭА «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.
12. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы