О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 693 «О создании специальной экономической зоны «TURKISTAN»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 693 «О создании специальной экономической зоны «TURKISTAN»
- Атауы (қаз.)
- «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 370
- Қабылданған күні
- 03.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2021 156298_527011.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000370
- ЭКБ идентификаторы
- 156298
- Редакция идентификаторы
- 156298_527011
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:57
0 «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 3987,39 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 6 субаймақ: ауданы 861,75 гектар тарихи орталық, ауданы 1578,64 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар, 35 гектар және 180 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай кіреді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. АЭА қызметінің оны құру мақсаттарына сәйкес келетін басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
3 «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«TURKISTAN» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
«TURKISTAN»
арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
6 субаймақтың жалпы ауданы S= 3987,39 га
_________________________