О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2018 года № 936 «О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2018 года № 936 «О некоторых вопросах Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 266
- Қабылданған күні
- 24.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 155184_682108.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000266
- ЭКБ идентификаторы
- 155184
- Редакция идентификаторы
- 155184_682108
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:26
0 «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
29 желтоқсандағы № 936 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 133-4) тармақшамен толықтырылсын:
«133-4) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін және оның нысанын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 310-1) және 310-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«310-1) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту;
310-2) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 402-1) және 402-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«402-1) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;
402-2) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 690-14) тармақшамен толықтырылсын:
«690-14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 708-8) және 708-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«708-8) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту;
708-9) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту;»;
ведомстволардың функциялары:
мынадай мазмұндағы 285-1) және 285-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«285-1) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
285-2) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 298-6) және 298-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«298-6) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
298-7) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржылық лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 503-1), 503-2) және 503-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«503-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлеу;
«503-2) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу;
503-3) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын әзірлеу;».
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 402-1) және 402-2) тармақшаларын және ведомстволар функцияларының 285-1) және 285-2) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.