Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Келесского районного маслихата от 29 марта 2019 года № 12-87-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 23-169-VI · қабылданған 28.02.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2019-no-12-87-vi/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Келесского районного маслихата от 29 марта 2019 года № 12-87-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 23-169-VI ·28.02.2020
23.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Келесского районного маслихата от 29 марта 2019 года № 12-87-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 23-169-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Келесского районного маслихата от 29 марта 2019 года № 12-87-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Келес аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» № 12-87-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23-169-VI
Қабылданған күні
28.02.2020
Көрсетілген редакция
23.12.2020 141167_507558.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UQ005549
ЭКБ идентификаторы
141167
Редакция идентификаторы
141167_507558
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:52

0 Келес аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» № 12-87-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 29 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» № 12-87-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4955 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің орыс тіліндегі мәтінінің 2 тармағында «законадательством» деген сөз «законодательством» деген сөзбен;
2) шешімнің орыс тіліндегі қосымшасында:
7 тармағының 1) тармақшасының екінші абзацында «несовершоннолетним» деген сөз «несовершеннолетним», үшінші абзацында «войнскую» деген сөз «воинскую», бесінші абзацында «подпольчиков» деген сөз «подпольщиков», «За оборону Ленингада» деген сөз «За оборону Ленинграда», «Житель блокадного Ленингада» деген сөз «Житель блокадного Ленинграда», 5) тармақшасының екінші абзацында «направлявщимся» деген сөз «направлявшимся» деген сөздермен;
7 тармағының 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацында 1941 жылғы 22 маусымы мен 1945 жылғы 9 мамыры аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) біржолғы 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7 тармағының 5) тармақшасының екінші абзацында жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, бір жолғы 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9 тармағының 8) тармақшасында «принимавщие» деген сөз «принимавшие», «территории» деген сөз «территории», «войнский» деген сөз «воинский» деген сөздермен;
9 тармағының 4) тармақшасында адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын 2 есе ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

11 «11. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының әрбір мүшесіне ай сайын ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасын құрайды.

Әлеуметтік көмек ай сайын немесе 3 айға бір реттік болып төленеді. Әлеуметтік көмектің бір реттік төлемі комиссия мен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үймалын, құсын сатып алуға және т.б.), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.».
12 тармағында «кантракта» деген сөз «контракта», деген сөзбен ауыстырылсын.

2 2. «Келес аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

2 2) ресми жариланғаннан кейін осы шешімді Келес аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы