Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июня 2019 года № 146/НҚ «Об утверждении Правил учета и хранения разработанного программного обеспечения, исходных программных кодов (при наличии), комплекса настроек лицензионного программного обеспечения объектов информатизации «электронного правительства»

Бұйрық · № 347/НҚ · қабылданған 27.09.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2019-no-146-ekb-172400/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июня 2019 года № 146/НҚ «Об утверждении Правил учета и хранения разработанного программного обеспечения, исходных программных кодов (при наличии), комплекса настроек лицензионного программного обеспечения объектов информатизации «электронного правительства» Күшін жойған Бұйрық ·№ 347/НҚ ·27.09.2022
29.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июня 2019 года № 146/НҚ «Об утверждении Правил учета и хранения разработанного программного обеспечения, исходных программных кодов (при наличии), комплекса настроек лицензионного программного обеспечения объектов информатизации «электронного правительства»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 347/НҚ · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июня 2019 года № 146/НҚ «Об утверждении Правил учета и хранения разработанного программного обеспечения, исходных программных кодов (при наличии), комплекса настроек лицензионного программного обеспечения объектов информатизации «электронного правительства»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
347/НҚ
Қабылданған күні
27.09.2022
Көрсетілген редакция
29.02.2024 172400_688395.kaz
Соңғы өзгеріс
29.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029969
ЭКБ идентификаторы
172400
Редакция идентификаторы
172400_688395
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:47

0

«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18949 болып тіркелді) келесі өзгерістер:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген әзірленген бағдарламалық қамтылымды, бастапқы бағдарламалық кодтарды (болған кезде), «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформациялау департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2022 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 347/НҚ Осы бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 29 маусымдағы
№ 146/НҚ бұйрығымен
бекітілген
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алудың және сақтаудың тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) бастапқы бағдарламалық код - бағдарламалаудың қандай да бір тіліндегі немесе белгілеу тіліндегі адам оқи алатын және қайтадан пайдаланылатын компьютерлік бағдарлама мәтіні;

3 3) репозиторий - «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық операторы көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтері негізінде ұсынылатын және ақпарат түрі бойынша құрылымдалған объектілер сақтау орны;

4

4) «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы - сыныптауышқа сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе;

5 5) Компиляция - бағдарламаны жоғары деігейлі тілден машиналық тілге аудару;

6 6) бағдарламалық өнімнің құрастырылған модульдері (компоненттері) - әзірлеушілер тікелей құрған бағдарламалық өнім, сондай-ақ бөгде әзірлеушілердің, құрастыру, орнату және толық жұмыс істеуі үшін қажетті баптаулары мен жұмыс деректері бар файлдар.

3

3. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау сатып алынған бағдарламалық өнімді есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, жоғалған кезде алмастыруды қамтамасыз ету, қайтадан пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2 2-тарау. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алудың және сақтаудың тәртібі

4

4. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуды және сақтауды уәкілетті орган ұйымдастырады және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор)жүзеге асырады..

5 5. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға (болған кезде) мынадай объектілер жатады:

1 1) мыналарды:

бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей жазған бастапқы бағдарламалық кодтарды, сондай-ақ жобада пайдаланылатын бөгде әзірлеушілер кодтарын;
қолмен немесе автоматты компиляциялауға арналған қажетті қызметтік файлдарды;
бағдарламалық өтінімді компиляциялау үшін қажетті компиляциялау процесінің (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасы көрсетілген), әзірлеу ортасын күйге келтірулер ерекшеліктерінің сипаттамасын қамтитын «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің бастапқы бағдарламалық кодтары;

2 2) мыналарды:

бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттерін;

3 3) қажет болған жағдайда ақпараттық жүйенің иесі немесе иеленуші айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтылым;

4 4) деректер базасы қамтылған файл;

5 5) әзірленген бағдарламалық қамтылымды үшін пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымды күйге келтірулер кешені;

6 6) «Электрондық үкімет» ақпараттық жүйесінің техникалық құжаттамасы.

6

6. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау «Электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.

7

7. Ақпараттық жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен немесе архитектуралық порталда тіркелгеннен кейін мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша операторға «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға өтінім (бұдан әрі - өтінім) жібереді.

8

8. Оператор өтінімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіп түскен өтінімдерді «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында тіркейді және үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін қабылдауға арналған репозитарий қалыптастырады.

9 9. Репозитарий қалыптастырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оператор мемлекеттік органнан «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін қабылдайды.

10

10. Оператор «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін көп рет пайдалану және (немесе) мемлекеттік орган объектілерді жоғалтқан жағдайда, уәкілетті органды хабарландыра отырып, оларды қайта алуы үшін мемлекеттік органға репозитарийге қол жеткізуге рұқсат береді.

11 11. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін ақпараттық жүйені пайдаланудан алған жағдайда мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде операторды бұл туралы хабарландырады.

Оператор хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін мемлекеттік органға беруді жүзеге асырады.

12

12. Оператордан «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін алғаннан кейін мемлекеттік орган «Ұлттық мұрағат қоры және мемлекеттік мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен оларды мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді.

13

13. Оператор өткен жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы уәкілетті органға есеп береді (еркін нысанда).

1 «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға өтінім

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алуға және сақтауға өтінім
Өтініш беруші ұйымның толық атауы немесе өтініш беруші жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде): ______________________________________________
______________________________________________________________________
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық
қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық
қамтылымын баптау кешенінің атауы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Ақпараттық жүйенің «Электрондық үкімет» архитектуралық порталындағы коды:
______________________________________________________________________
Дана саны: ____________________________________________________________
Әрбіреуі мынадай жиынтықта:
р/с №
CD/ файл/құжаттың атауы
CD сериялық нөмірі
CD көлемі (Мгб)
Қағаз жеткізгіштегі парақтар саны
Түпнұсқа (Т) Көшірме (К)
Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттаманың иеленушісі туралы мәліметтер
Иеленушінің толық атауы _______________________________________________
Ведомстволық бағыныстылығы: _________________________________________
Ұйымның қысқартылған атауы: __________________________________________
Мекенжайы: /________ /________________________________________ индексі
Тел.: __________ ______________ Факс: ___________
E-mail: _____________________ Http://__________
Байланысушы тұлға: ___________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен
Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік техникалық құжаттаманың әзірлеушісі туралы мәліметтер
Ұйымның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде):
_____________________________________________________________________
Ведомстволық бағыныстылығы: _________________________________________
Ұйымның қысқартылған атауы: _________________________________________
Мекенжайы: /_________ /________________________________________ индексі
Тел.: __________ ______________ Факс: ___________
E-mail: _____________________ Http://__________
Байланысушы тұлға: ___________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) толығымен
Авторлар туралы мәліметтер
Автор (лар): __________________________________________________________
Сертификаттау туралы мәліметтер: ______________________________________
Шығарылған жылы: ___________________________________________________
Нұсқасы: ____________________________________________________________
Бағдарламалау тілі: ___________________________________________________
Шығарылған күні: ____________________________________________________
Аңдатпа (мақсаты): ___________________________________________________
Ең төменгі жүйелік талаптар
Компьютер, процессор түрі,
Қосымша процессор, жиілік: ___________________________________________
Оперативтік жады Винчестерде
(RAM): ______________ қажет: _________________________________________
Операциялық жүйелер: _______________________________________________
Бейнежүйе: _________________________________________________________
Акустикалық жүйе: ___________________________________________________
Қосымша жабдық: ___________________________________________________
Қосымша бағдарламалық құралдар: ____________________________________
Басқалар: ___________________________________________________________
Заңсыз таралудан қорғау (бар болуы, жалпы сипаттамасы): _________________
Қаржыландыру көздері (астын сызу): республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлар, жеке қаражат, грант қаражаттары, сыртқы қарыздар, несие, өзге де заңды және жеке тұлғалардың қаражаты.
МО (болған кезде)
күні
__________________ иеленуші қолы

2 Келіп түскен өтінімдерді тіркеу

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Келіп түскен өтінімдерді тіркеу
р/с №
Өтінім нөмірі
Келіп түскен күні
Мемлекеттік органның атауы
Өтінім беруші (өтінімге қол қойған басшы)
Қабылдады
Аты-жөні, тегі (болған жағдайда)
Қолы

Қолданыстағы