О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 190 «Об утверждении Положения о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 190 «Об утверждении Положения о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 25.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2023 178427_619915.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23NT000024
- ЭКБ идентификаторы
- 178427
- Редакция идентификаторы
- 178427_619915
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:33
0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №190 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 77-1) тармақшамен толықтырылсын:
«77-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.