Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 190 «Об утверждении Положения о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан»

Бұйрық · № 240 · қабылданған 02.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2019-no-190-ekb-201332/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 190 «Об утверждении Положения о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 240 ·02.10.2024
02.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 190 «Об утверждении Положения о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 240 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 190 «Об утверждении Положения о Комитете по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра национальной экономики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
240
Қабылданған күні
02.10.2024
Көрсетілген редакция
02.10.2024 201332_723135.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NT000240
ЭКБ идентификаторы
201332
Редакция идентификаторы
201332_723135
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:23

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту
және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылған деректері негізінде сатып алуларға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бұқаралық ақпарат құралдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды және (немесе) онлайн-трансляцияға сілтемені жариялай отырып, оны өткізу;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу;»;
мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3), 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келісу;
20-2) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келісу;
20-3) Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан берілетін мүлікті сенімгерлік басқару және (немесе) мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен келісу;
20-4) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін келісу;
20-5) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келісу;»;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті жергілікті атқарушы органдардан немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан өтеусіз пайдалануға алған кезде, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылдаған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаға тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен асырмай өзгеріс енгізу;»;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) тарифтер тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органдармен немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу;».

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы