Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Иргизского районного маслихата от 29 марта 2019 года № 215 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Иргизском районе»

Өзге акт · № 41 · қабылданған 14.07.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2019-no-215-ekb-184103/on/2026-09-07/
Басып шығарылды 2026-09-07 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Иргизского районного маслихата от 29 марта 2019 года № 215 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Иргизском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 41 ·14.07.2023
18.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
07.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Иргизского районного маслихата от 29 марта 2019 года № 215 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Иргизском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 41 · 07.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Иргизского районного маслихата от 29 марта 2019 года № 215 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Иргизском районе»
Атауы (қаз.)
Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 215 «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41
Қабылданған күні
14.07.2023
Көрсетілген редакция
18.03.2024 184103_691422.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23CE008386
ЭКБ идентификаторы
184103
Редакция идентификаторы
184103_691422
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:53

0 Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 215 «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 215 «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6058 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

шешімнің кіріспесінде «2001 жылғы 23 қаңтардағы», «1997 жылғы 16 сәуірдегі» сөздері алынып тасталсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:
1 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындажалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
10 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн  өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы