О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 3 «Об утверждении Методики расчета показателей рождаемости»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 3 «Об утверждении Методики расчета показателей рождаемости»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 3 «Туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 21.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2024 198019_707467.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034565
- ЭКБ идентификаторы
- 198019
- Редакция идентификаторы
- 198019_707467
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:55
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 3 «Туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19190 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесінде:
1-тармақ пен 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туу көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшілері туу көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Күнтізбелік жыл кезеңіндегі туу туралы статистикалық ақпарат тууды тіркеу күні бойынша қалыптастырылады. Соңғы халық санағынан кейін орын алған, бірақ есепті жылы тіркелген туу оқиғалары есепті жылдың статистикасында есепке алынады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Халық арасындағы туу туралы ақпарат көздері азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының әкімшілік деректері болып табылады.»;
2 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халық статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне басшылыққа және жұмыста пайдалану үшін жеткізсін.