О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 29 августа 2019 года № 318 «Об утверждении Правил предоставления арендного жилища без права выкупа для работающей молодежи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 29 августа 2019 года № 318 «Об утверждении Правил предоставления арендного жилища без права выкупа для работающей молодежи»
- Атауы (қаз.)
- «Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 505
- Қабылданған күні
- 25.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2026 137522_816002.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019767
- ЭКБ идентификаторы
- 137522
- Редакция идентификаторы
- 137522_816002
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:07
0 «Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға
берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы
29 тамыздағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19319 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті орган – тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.».
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын және олардың осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарына сәйкестігін тексереді.
Өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоқ құжаттарды қосымша ұсынуға мүмкіндік беріледі.
Өтініш беруші осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды беруден жазбаша түрде бас тартады.».