О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 337 «Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2019 - 2020 учебного года в организациях среднего образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 337 «Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2019 - 2020 учебного года в организациях среднего образования»
- Атауы (қаз.)
- «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 17.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2020 140341_450046.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020132
- ЭКБ идентификаторы
- 140341
- Редакция идентификаторы
- 140341_450046
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:37
0 «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Ресубликасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 12 наурыздағы хаттамасының 4-тармағы 1) тармақшасын және «Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20-ПГВр қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19120 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
« 3) оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 21 күн (2020 жылғы 16 наурыз – 5 сәуірді қоса алғанда);
1-сыныптарда: 7 күн мерзімде (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.»
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.