О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 29 августа 2019 года № С-46/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Шортандинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 29 августа 2019 года № С-46/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Шортандинского района»
- Атауы (қаз.)
- Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8С-2/4
- Қабылданған күні
- 06.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2023 179650_667247.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BR853203
- ЭКБ идентификаторы
- 179650
- Редакция идентификаторы
- 179650_667247
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:00
0 Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7349 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацындағы «Конституция» деген сөз «Конституциясы» деген сөзге ауыстырылсын;
7-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтініш бойынша ол басталғаннан кейін үш айдан кешіктірмей, отбасының (азаматтың) табысына қарамастан, азаматтарға (отбасыларға):
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
2) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған адамдарға (отбасыларға):
әлеуметтік мәні бар қатерлі ісіктері бар азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, медициналық мекемеден растау анықтамасы негізінде бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, медициналық мекемеден растау анықтамасы негізінде адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған әлеуметтік мәні бар ауруы бар азаматтарға бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алмай тағайындалады, ай сайын ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде төленеді;
әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруы бар, амбулаториялық емделуде жүрген азаматтарға ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде төленеді;
химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
3) өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға (отбасыларға) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, бір рет мынадай негіздер бойынша:
бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға (отбасыларға) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;».