Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/383-6с «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Шымкент»

Ереже · № 69/633-6c · қабылданған 14.09.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2019-no-47383-6/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/383-6с «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Шымкент» Күшін жойған 25.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/383-6с «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Шымкент»

Күшін жойған Ереже № 69/633-6c 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/383-6с «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Шымкент»
Атауы (қаз.)
«Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
69/633-6c
Қабылданған күні
14.09.2020
Көрсетілген редакция
25.11.2022 147623_603313.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20E0000136
ЭКБ идентификаторы
147623
Редакция идентификаторы
147623_603313
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:51
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/383-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларында:
3-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмеді;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2) өтініш беруші туралы мәліметтер (азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, өкілдің аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), мекен-жайы, байланыс телефоны);»;

7-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді:

7 «7. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, гүлзарларда) байлауда қалдырылған және чипі бар жануарлардан басқа, ілесіп жүретін адамның қарауынсыз жүрген, қаңғыбас және қараусыз жануарлар ауланады.»;

9-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді:

9 «9. Ауланған қаңғыбас жануарлар иесіне берілгенше не үшінші тұлғаға беру сәтіне дейін уақытша ұсталынатын оқшаулағышқа жеткізіліп, онда 3 күн ұсталады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

11 «11. Тасымалдауға арналған арнайы автокөлік аулау кезінде зардап шеккен жануарларға шұғыл жәрдем көрсету үшін ветеринариялық құралдар жиынтығымен толықтырылады, табиғи желдетуі мен жабдықталады.

Сондай-ақ, тасымалдау техникалық ақаусыз, арнайы металл торлармен жабдықталған, Ұйымдардың белгісі мен телефон нөмірі бар автокөлікпен жүргізіледі.»;
14-тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгертілмейді:

14 «14. Ұйымдар әрбір ауланған қаңғыбас жануар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында қаңғыбас жануарды аулаған күні және ұйымның байланыс деректері, ауланған жануар туралы ақпарат (сипаттамасы), сондай-ақ ауланған жануарлардың фото суретін орналастырады. Ақпарат сайтта 3 күн сақталады.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

23 «23. Ұйымға қараусыз қалған немесе қаңғыбас жануарларды қайтару және (немесе) беру үшін жүгінген кезде иелері немесе өтініш беруші:

1) жеке куәлігі;

2) жануардың ветеринариялық паспортын және (немесе) иесі мен түскен фото суретін ұсынады.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

26 «26. Қаңғыбас жануарлардың өлекселері (қалдықтары) жою үшін Ұйымдарға беріледі.».

2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.