О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/384-6с «Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек в городе Шымкент»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/384-6с «Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек в городе Шымкент»
- Атауы (қаз.)
- «Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/24-VII
- Қабылданған күні
- 18.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.11.2022 153988_603305.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21E0000161
- ЭКБ идентификаторы
- 153988
- Редакция идентификаторы
- 153988_603305
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:10
0 «Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/384-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/384-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №35 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша «ұстау» деген сөз «асырау» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-тармақтың 3) тармақшасына орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімнің «Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары» қосымшасында:
бүкіл мәтін бойынша «ұстау», «ұстауға», «ұстауы» деген сөздер тиісінше «асырау», «асырауға», «асырауы» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-тармақта:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;»;
3), 4) тармақшалардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
«7) ұйым – жануарларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізуді жүзеге асыратын және қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын жергiлiктi атқарушы орган құрған ұйым;»;
2-тараудың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шымкент қаласының аумағында тұратын барлық иттер мен мысықтар (бұдан әрі – жануарлар) бірыңғай бірдейлендіру бойынша базасына тіркеуге жатады.»;
5-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
9-тармақтың 6) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі жануарлар 3 (үш) айлық жасынан бастап, тұқымына қарамастан, құтыруға және жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауға жатады.
Жануарларда керексіз тұқымның пайда болуын болдырмау үшін биостерилизациялау шаралары қолданылады.»;
16-тармақта:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер вакцинация жұмысын жүргізудің ең төменгі жасына (иттер мен мысықтар үшін – 3 (үш) айлық мерзім) жетпеген жануарлар әкелінсе немесе шығарылса, паспортта вакцинация туралы белгі қоймай жануарды қаладан шығаруға немесе басқа қаладан әкелуге жол беріледі.»;
21-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
23-тармақ алып тасталсын;
24-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
25-тармақтың 5) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
27-тармақта:
2) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;