Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/386-6с «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шымкент»

Ереже · № 69/635-6c · қабылданған 14.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2019-no-47386-6-ekb-146844/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/386-6с «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шымкент» Қолданыста Ереже ·№ 69/635-6c ·14.09.2020
14.09.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/386-6с «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шымкент»

Қолданыста Ереже ·№ 69/635-6c · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/386-6с «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шымкент»
Атауы (қаз.)
«Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/386-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
69/635-6c
Қабылданған күні
14.09.2020
Көрсетілген редакция
14.09.2020 146844_482734.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20E0000131
ЭКБ идентификаторы
146844
Редакция идентификаторы
146844_482734
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:50

0 «Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/386-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/386-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімдегі:
1-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмеді;
көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережедегі:
1-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмеді;
2-тармақ қазақ тіліндегі мәтін мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

2

«2. Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) Шымкент қаласы алдындағы сіңірген еңбегін танудың белгісі ретінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, қала көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметте, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда нақты нәтижелерге қол жеткізген және қоғамның құрметіне ие болған азаматтар наградталады.
Шымкент қаласына еңбегі сіңген шетел азаматтарын наградтауға жол беріледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Құрмет грамотасымен осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Шымкент қаласының азаматтары марапатталады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

5 «5. Құрмет грамотасымен наградтау заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

6

«6. Aзаматты және шетел азаматын Құрмет грамотасымен наградтау туралы өтініш хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, айын, жылын, білімі туралы, жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және өтініш жасалған күндегі атқаратын лауазымын толық көрсете отырып, жұмыс орны туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы мәліметтерді, осы Ереженің 2-тармағына сәйкес бұрыннан бар наградаларымен құрметті атақтары туралы мәліметті көрсету арқылы Шымкент қаласының әкімдігіне жолданады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

7 «7. Осы Ереженің 6-тармағында аталған құжаттар наградтау күнінен кем дегенде бес күн бұрын Шымкент қаласының әкімдігіне қарау және келісу үшін ұсынылады.»;

15-тармақ қазақ тіліндегі мәтін мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

15 «15. Құрмет грамотасы наградталған тұлға, аталған тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, қала әкімінің ұсынымы негізінде, мәслихат шешімі бойынша ол атақтан айырылады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

16 «16. Осы Ереженің 15-тармағында көзделген негіздер бойынша Құрмет грамотасынан айырылған тұлға, қайталап аталған атақ беруге ұсыныла алмайды.».

2 2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы