О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Биржанского сельского округа Зайсанского района от 29 мая 2019 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий на крестьянское хозяйство «Айгерім» в участке Сексен Биржанского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Биржанского сельского округа Зайсанского района от 29 мая 2019 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий на крестьянское хозяйство «Айгерім» в участке Сексен Биржанского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Біржан ауылдық округінің Сексен учаскесіндегі «Айгерім» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 15.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2020 142862_461671.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VKF07089
- ЭКБ идентификаторы
- 142862
- Редакция идентификаторы
- 142862_461671
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:30
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Біржан ауылдық
округінің Сексен учаскесіндегі «Айгерім» шаруа
қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»
Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің
2019 жылғы 29 мамырдағы № 5 шешімінің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 272 ұсынысы негізінде Біржан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүйізді ірі-қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінің Сексен учаскесіндегі «Айгерім» шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 5 «Біржан ауылдық округінің Сексен учаскесіндегі «Айгерім» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2019 жылдың 31 мамырында № 5986 болып тіркелген, 2019 жылғы 05 маусымда «Достық» газетінде жарияланған және 2019 жылдың 12 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.