Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2019 года № 896 «Об утверждении Правил оборота вооружения и военной техники»

Қаулы · № 224 · қабылданған 14.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2019-no-896-ekb-166541/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2019 года № 896 «Об утверждении Правил оборота вооружения и военной техники» Қолданыста Қаулы ·№ 224 ·14.04.2022
14.04.2022 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2019 года № 896 «Об утверждении Правил оборота вооружения и военной техники»

Қолданыста Қаулы ·№ 224 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2019 года № 896 «Об утверждении Правил оборота вооружения и военной техники»
Атауы (қаз.)
«Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
224
Қабылданған күні
14.04.2022
Көрсетілген редакция
14.04.2022 166541_569034.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000224
ЭКБ идентификаторы
166541
Редакция идентификаторы
166541_569034
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:28

0 «Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда (сақтау орындарында, парктерде, ангарларда) және олардың заңсыз айналымына алғышарттарды болдырмайтын жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте үй-жайлар (сақтау орындары, парктер, ангарлар) техникалық күзет және өрт қауіпсіздігі құралдарымен жарақтандырылады.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарының қару-жарақ пен әскери техниканы сақтауын ұйымдастыру нұсқаулықпен регламенттеледі.
Қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қолданыстағы басшылық құжаттарының және зымырандар мен оқ-дәрілердің арсеналдарын, базалары мен қоймаларын жобалау саласындағы нормативтік құжаттардың негізінде өндірістік қызметтің және шығарылатын өнімнің ерекшелігі бөлігінде әзірленеді.
Қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау жөніндегі нұсқаулықты азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымының бірінші басшысы бекітеді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы