Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан – Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 января 2019 года №13/НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 января 2019 года №12 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере информатизации в части обеспечения информационной безопасности»

Бұйрық · № 21/НҚ · қабылданған 20.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2019-no13-29-2019-no12/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан – Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 января 2019 года №13/НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 января 2019 года №12 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере информатизации в части обеспечения информационной безопасности» Қолданыста Бұйрық ·№ 21/НҚ ·20.01.2023
20.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан – Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 января 2019 года №13/НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 января 2019 года №12 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере информатизации в части обеспечения информационной безопасности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 21/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Заместителя Премьер – Министра Республики Казахстан – Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 января 2019 года №13/НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 января 2019 года №12 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере информатизации в части обеспечения информационной безопасности»
Атауы (қаз.)
«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 13/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 12 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21/НҚ
Қабылданған күні
20.01.2023
Көрсетілген редакция
20.01.2023 178396_618177.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031795
ЭКБ идентификаторы
178396
Редакция идентификаторы
178396_618177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:35

0

«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 13/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 12 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 13/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 12 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің иелері мен иеленушілеріне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иелері мен иеленушілеріне қатысты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
комитеті

0 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 23 қаңтардағы № 8 мен
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 20 қаңтардағы № 21/НҚ
Бірлескен бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 29 қаңтардағы
№ 13/НҚ және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 29 қаңтардағы
№ 12 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы тексеру парағы
_____________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
____________________________________________________________
138-бабына сәйкес
мыналарға: мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің иелері мен иеленушілеріне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иелері мен иеленушілеріне қатысты
_____________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тағайындау туралы акт
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
1
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың жер­гі­лік­ті, ве­дом­ство­лық және кор­по­ра­тив­тік те­ле­ком­му­ни­ка­ция же­лі­ле­рін, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның, мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің, сон­дай-ақ ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым­ның аса ма­ңы­зды объ­ек­ті­ле­рі­нің (бұ­дан әрі – ИКИ) ие­ле­рін бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры­ның ин­тер­нет­ке қол жет­кі­зу­дің бі­рың­ғай шлю­зі ар­қы­лы ин­тер­нет­ке қо­суын жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
2
Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым­ның аса ма­ңы­зды объ­ек­ті­ле­рі ие­ле­ну­ші­ле­рі­нің Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің ұлт­тық үй­ле­сті­ру ор­та­лы­ғын ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­ла­ры мен олар­ға ден қою ту­ра­лы ха­бар­дар етуі бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
3
Мы­на­дай:
пай­да­ла­ну­шы­лар­ды сәй­кестен­ді­ру, аутен­ти­фи­ка­ци­я­лау және қол жет­кі­зу­ді бас­қа­ру;
жаб­дық­ты сәй­кестен­ді­ру;
ди­а­гно­сти­ка­лық және кон­фи­гу­ра­ци­я­лық порт­тар­ды қор­ғау;
ло­кал­дық же­лі­ні фи­зи­ка­лық сег­мент­теу;
ло­кал­дық же­лі­ні ло­ги­ка­лық сег­мент­теу;
же­лі­лік қо­сы­лым­дар­ды бас­қа­ру;
бранд­мау­эр;
ло­кал­дық же­лі­нің іш­кі ме­кен­жай ке­ңі­сті­гін жа­сы­ру;
де­ректер­дің, ха­бар­ла­ма­лар­дың және кон­фи­гу­ра­ци­я­лар­дың тұ­та­стығ­ын ба­қы­лау;
ақ­па­рат­ты крип­то­гра­фи­я­лық қор­ғау құ­рал­да­рын қол­да­ну жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау.
4
Ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рін пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі АҚ қор­ғауды және қа­уіп­сіз жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету­ді мо­ни­то­ринг­теу та­лап­та­рын сақ­тау
5
Сырт­қы кон­тур­дың ло­кал­дық же­лі­ле­рі­нен ин­тер­нет­ке қол жет­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де ин­тер­нет же­лі­сіне қо­сы­л­ған жұ­мыс стан­ци­я­ла­рын­да ви­рус­қа қар­сы құ­рал­дар­дың, опе­ра­ци­я­лық жүй­е­лер­дің жа­ңар­ту­ла­ры­ның бо­луы
6
Ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рін құ­ру, сүй­е­мел­деу және да­мы­ту мә­се­ле­ле­рі­мен ай­на­лы­са­тын бас­қа құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­ден оқ­ша­у­лан­ған құ­ры­лым­дық бө­лім­ше бо­лып та­бы­ла­тын АҚ бө­лім­ше­сі­нің бо­луы неме­се сер­ти­фи­кат бе­ре оты­рып, АҚ қам­та­ма­сыз ету­ге және АҚ қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да ке­мін­де үш жыл­да бір рет ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кур­стар­дан өту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ды ай­қын­дау.
7
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар (бұ­дан әрі – МО), жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган (бұ­дан әрі – ЖАО) неме­се ұй­ым өз қыз­ме­т­ін­де бас­шы­лық­қа ала­тын құ­жат­тал­ған қа­ғи­да­лар­дың, рә­сім­дер­дің, прак­ти­ка­лық тә­сіл­дер­дің неме­се бас­шы­лық қа­ғи­дат­тар­дың төрт дең­гей­лі жүй­е­сі тү­рін­де АҚ-ны қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ның (бұ­дан әрі – ТҚ) бо­луы және оған сәй­кест­і­гі. АҚ ТҚ қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де әзір­ле­не­ді, МО-ның, ЖАО-ның неме­се ұй­ым­ның құқық­тық ак­ті­сі­мен бе­кі­ті­ле­ді және МО, ЖАО бар­лық қыз­мет­ші­ле­рі­нің неме­се ұй­ым қыз­мет­кер­ле­рі­нің на­за­ры­на жет­кі­зі­ле­ді.
АҚ ТҚ он­да­ғы ақ­па­рат­ты тал­дау және жа­ңар­ту мақ­са­тын­да ке­мін­де екі жыл­да бір рет қай­та қа­ра­ла­ды.
1. МО-ның, ЖАО-ның неме­се ұй­ым­ның АҚ са­я­са­ты бі­рін­ші дең­гей­де­гі құ­жат бо­лып та­бы­ла­ды және МО неме­се ұй­ым күн­де­лік­ті қыз­ме­т­ін­де бас­шы­лық­қа ала­тын АҚ-ны қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да­ғы мақ­сат­тар­ды, мін­дет­тер­ді, бас­шы­лық қа­ғи­дат­та­ры мен прак­ти­ка­лық тә­сіл­дер­ді ай­қын­дай­ды.
2. Екін­ші дең­гей­де­гі құ­жат­тар тіз­бе­сіне МО-ның, ЖАО-ның неме­се ұй­ым­ның АҚ са­я­са­ты­ның та­лап­та­рын нақ­ты­лай­тын құ­жат­тар кі­ре­ді, оның ішін­де:
1) АҚ тәу­е­кел­де­рін ба­ға­лау әді­сте­ме­сі;
2) ақ­па­рат­ты өң­деу құ­рал­да­ры­мен бай­ла­ны­сты ак­тив­тер­ді сәй­кестен­ді­ру, жік­теу және таң­ба­лау қа­ғи­да­ла­ры;
3) ақ­па­рат­ты өң­деу құ­рал­да­ры­мен бай­ла­ны­сты ак­тив­тер­дің үз­дік­сіз жұ­мысын қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі қа­ғи­да­лар;
4) есеп­теу тех­ни­ка­сы құ­рал­да­рын, те­ле­ком­му­ни­ка­ция жабды­ғын және бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ды тү­ген­деу мен пас­порт­тау қа­ғи­да­ла­ры;
5) іш­кі АҚ ауди­тін жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры;
6) ақ­па­рат­ты крип­то­гра­фи­я­лық қор­ғау құ­рал­да­рын (бұ­дан әрі – АКҚҚ) пай­да­ла­ну тәр­ті­бі;
7) элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­ға қол жет­кі­зу құқы­ғы­ның ара­жі­гін ажы­ра­ту қа­ғи­да­ла­ры;
8) ин­тер­нет же­лі­сі мен элек­трон­дық по­шта­ны пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­ры;
9) аутен­ти­фи­ка­ци­я­лау рә­сі­мін ұй­ым­да­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры;
10) ви­рус­қа қар­сы ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры;
11) мо­биль­дік қон­дыр­ғы­лар­ды және ақ­па­рат­ты та­сығ­ы­штар­ды пай­да­ла­ну қа­ғи­да­ла­ры;
12) ақ­па­рат­ты өң­деу құ­рал­да­рын нақ­ты қор­ғауды және ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­дың қа­уіп­сіз қыз­мет ету ор­та­сын ұй­ым­да­сты­ру қа­ғи­да­ла­ры.
3. Үшін­ші дең­гей­де­гі құ­жат­тар АҚ-ны қам­та­ма­сыз ету про­це­сте­рі мен рә­сім­де­рі­нің си­патта­ма­ла­рын қам­ти­ды, оның ішін­де:
1) АҚ қа­тер­ле­рі (тәу­е­кел­де­рі) ка­та­ло­гы;
2) АҚ қа­тер­ле­рін (тәу­е­кел­де­рін) өң­деу жос­па­ры;
3) ақ­па­рат­ты ре­зерв­тік кө­ші­ру және қал­пы­на кел­ті­ру ре­гла­мен­ті;
4) ақ­па­рат­ты өң­деу құ­рал­да­ры­мен бай­ла­ны­сты ак­тив­тер­дің үз­дік­сіз жұ­мысын және жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гін қал­пы­на кел­ті­ру­ді қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша іс-ша­ра­лар жос­па­ры;
5) әкім­ші­нің ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сін сүй­е­мел­деу жө­нін­де­гі бас­шы­лы­ғы;
6) пай­да­ла­ну­шы­лар­дың АҚ оқыс оқи­ға­ла­ры­на ден қою және штат­тан тыс (дағ­да­ры­сты) жағ­дай­лар­да әре­кет ету бой­ын­ша іс-қи­мыл тәр­ті­бі ту­ра­лы нұс­қа­улық.
4. Төр­тін­ші дең­гей­де­гі құ­жат­тар тіз­бе­сі орын­дал­ған рә­сім­дер мен жұ­мыстар­ды тір­кеу және рас­тау үшін пай­да­ла­ны­ла­тын жұ­мыс ны­сан­да­рын, жур­нал­дар­ды, өті­нім­дер­ді, хат­та­ма­лар­ды және бас­қа да құ­жат­тар­ды, со­ны­мен бір­ге элек­трон­дық құ­жат­тар­ды қам­ти­ды, оның ішін­де:
1) АҚ оқыс оқи­ға­ла­рын тір­кеу және штат­тан тыс оқи­ға­лар­ды есеп­ке алу жур­на­лы;
2) сер­вер­лік үй-жай­лар­ға кі­ру жур­на­лы;
3) же­лі­лік ре­сур­стар­дың осал­дық­та­рын ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу ту­ра­лы есеп;
4) ка­бель­дік қо­сы­лу­лар­ды есеп­ке алу жур­на­лы;
5) ре­зерв­тік кө­шір­ме­лер­ді (ре­зерв­тік кө­шір­ме, қай­та қал­пы­на кел­ті­ру), ре­зерв­тік кө­шір­ме­лер­ді те­сті­ле­уді есеп­ке алу жур­на­лы;
6) ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­дің (бұ­дан әрі – АЖ) жаб­дық­тар кон­фи­гу­ра­ци­я­сы­ның өзге­рі­сте­рін есеп­ке алу, ер­кін бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның (бұ­дан әрі – ЕБҚ) және қол­дан­ба­лы бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның (бұ­дан әрі – ББЖ) өзге­рі­сте­рін те­сті­леу және есеп­ке алу, бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның (бұ­дан әрі – БҚ) осал­дық­та­рын тір­кеу және жою жур­на­лы;
7) сер­вер­лік үй-жай­лар­ға ар­нал­ған ди­зель-ге­не­ра­тор­лық қон­дыр­ғы­лар­ды және үз­дік­сіз қу­ат бе­ру көз­де­рін те­сті­леу жур­на­лы;
8) сер­вер­лік үй-жай­лар­дың мик­ро­кли­ма­тын, бей­не­ба­қы­ла­уды, өрт сөн­ді­ру­ді қам­та­ма­сыз ету жүй­е­ле­рін те­сті­леу жур­на­лы
8
Көп фак­тор­лы аутен­ти­фи­ка­ци­я­ны қол­да­ну бой­ын­ша сы­нып­та­уыш­қа сәй­кес, оның ішін­де элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­ны пай­да­ла­на оты­рып, бі­рін­ші және екін­ші сы­нып­тар­дың ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­ріне қол жет­кі­зу ке­зін­де та­лап­тар­ды сақ­тау.
9
Ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар­ға және (неме­се) ең­бек шар­ты­ның та­лап­та­ры­на АҚ қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді ен­гі­зу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды және МО, ЖАО неме­се ұй­ым қыз­мет­ші­ле­рі­нің АҚ ТҚ та­лап­та­рын орын­дау бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ле­рін сақ­тау
10
АКҚҚ пай­да­ла­ну бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
11
Ақ­па­рат­тық жүй­е­де қам­ты­л­ған мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­ды сақ­тау, қал­пы­на кел­ті­ру, мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­дың сақ­та­луы жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
12
Мы­на­лар­ды:
элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­да (бұ­дан әрі – ЭАР) ор­на­ла­сты­ру, өзгер­ту және жою опе­ра­ци­я­ла­ры­на санк­ция бе­ру;
ЭАР-ды ор­на­ла­сты­ру, өзгер­ту және жою ке­зін­де ав­тор­лық­ты тір­кеу;
жүк­те­ле­тін ЭАР-ды зи­ян­ды код­қа тек­се­ру;
орын­да­ла­тын код пен сце­на­рий­лер­дің қа­уіп­сіз­дік ауди­ті;
ор­на­ла­сты­ры­л­ған ЭАР тұ­та­стығ­ын ба­қы­лау;
ЭАР өзге­рі­стер жур­на­лын жүр­гі­зу;
пай­да­ла­ну­шы­лар­дың және бағ­дар­ла­ма­лық ро­бот­тар­дың қа­лып­тан тыс бел­сен­ді­лі­гін мо­ни­то­ринг­те­уді орын­дай­тын маз­мұн­ды (кон­тент) бас­қа­ру жүй­е­ле­рін қол­да­ну бой­ын­ша ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­дың АҚ (бұ­дан әрі – АР АҚ) қам­та­ма­сыз ету үшін та­лап­тар­ды сақ­тау
13
До­мен­дік ат­тың төл­нұс­қа­лы­лы­ғын тек­се­ру және АР АҚ қам­та­ма­сыз ету ке­зін­де АКҚҚ пай­да­ла­на оты­рып, бай­ла­ныс се­ан­сын­да­ғы ақ­па­рат­ты крип­то­гра­фи­я­лық қор­ғау үшін тір­кеу ку­ә­лік­те­рін қол­да­ну бой­ын­ша та­лап­ты сақ­тау
14
Вир­ту­ал­дау тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­ну ке­зін­де сәй­кестен­ді­ру­ді бас­қа­ру бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау:
көр­се­ті­ле­тін ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық қыз­мет­тер кли­ент­те­рін және ерекше­лен­ген пай­да­ла­ну­шы­лар­ды аутен­ти­фи­ка­ци­я­ла­уды;
пай­да­ла­ну­шы­лар­ды бір тех­но­ло­ги­я­лық плат­фор­ма ше­гін­де фе­де­ра­тив­тік сәй­кестен­ді­ру­ді;
пай­да­ла­ну­шы­ны сәй­кестен­дір­гіш­ті жой­ған­нан кей­ін аутен­ти­фи­ка­ция ту­ра­лы ақ­па­рат­ты сақ­та­уды;
пай­да­ла­ну­шы өкі­лет­те­рі­нің бей­ін­де­рін та­ғай­ын­дау рә­сім­де­рін ба­қы­лау құ­рал­да­рын қол­да­ну­ды та­лап ете­тін сәй­кестен­ді­ру­ді бас­қа­ру
15
Вир­ту­ал­дау тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­ну ке­зін­де АҚ оқи­ға­ла­ры­на аудит жүр­гі­зу бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау:
АҚ ТҚ-да ай­қын­да­ла­тын рә­сім­дер­дің мін­дет­ті­лі­гі мен тұ­рақ­ты­лы­ғын;
бар­лық опе­ра­ци­я­лық жүй­е­лер­ге, кли­ент­тік вир­ту­ал­ды ма­ши­на­лар­ға, же­лі­лік ком­по­нент­тер­дің ин­фра­құ­ры­лы­мы­на ар­нал­ған аудит рә­сім­де­рін жүр­гі­зу­ді;
оқи­ға­лар­ды тір­кеу жур­на­лын жүр­гі­зу­ді және әкім­ші­ге қол­же­тім­сіз сақ­тау жүй­е­сін­де сақ­та­уды;
оқи­ға­лар­ды тір­кеу жур­на­лын жүр­гі­зу жүй­е­сі жұ­мысы­ның дұ­ры­стығ­ын тек­се­ру­ді;
оқи­ға­лар­ды тір­кеу жур­нал­да­рын АҚ ТҚ-да сақ­тау ұз­ақ­тығ­ын ай­қын­да­уды та­лап ете­тін АҚ оқи­ға­ла­ры ауди­тін жүр­гі­зу
16
Вир­ту­ал­дау тех­но­ло­ги­я­сын пай­да­ла­ну ке­зін­де АҚ оқи­ға­ла­рын тір­кеу та­лап­та­рын сақ­тау:
әкім­ші­лер­дің іс-қи­мы­лын жур­нал­ға ен­гі­зу­ді;
АҚ оқыс оқи­ға­ла­ры мен оқи­ға­лар мо­ни­то­рин­гі жүй­е­сін қол­да­ну­ды;
сы­ни оқи­ға­ны неме­се АҚ оқыс оқи­ға­ла­рын ав­то­мат­ты та­ну негі­зін­де ха­бар­лан­ды­ру­ды та­лап ете­тін АҚ оқи­ға­ла­рын тір­кеу
17
Же­лі­лік және жүй­е­лік әкім­ші­лен­ді­ру рә­сім­де­рін орын­дау бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау:
вир­ту­ал­ды ма­ши­на­лар кес­кін­де­рі­нің сақ­та­луын, опе­ра­ци­я­лық жүй­е­нің, қо­сым­ша­лар­дың, же­лі­лік кон­фи­гу­ра­ци­я­ның, МО неме­се ұй­ым­ның БҚ және де­ректе­рі­нің зи­ян­ды қол­таң­ба­лар­дың бо­луын ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету;
сырт­қы пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ап­па­рат­тық бө­лік­ке кі­ру­ін бол­дыр­мау мақ­са­тын­да ап­па­рат­тық плат­фор­ма­ны вир­ту­ал­ды ма­ши­на­ның опе­ра­ци­я­лық жүй­е­сі­нен бө­лу
18
Ре­зерв­тік кө­ші­ру жүй­е­сі­мен де­ректер­ді сақ­тау жүй­е­сін қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
19
Ло­кал­дық же­лі­лер­ді бі­рік­ті­ре­тін бө­лін­ген бай­ла­ныс ар­на­сын ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де ақ­па­рат­ты қор­ғаудың бағ­дар­ла­ма­лық-тех­ни­ка­лық құ­рал­да­рын, оның ішін­де крип­то­гра­фи­я­лық шифр­ла­уды АКҚҚ пай­да­ла­на оты­рып қол­да­ну жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
20
АКҚҚ пай­да­ла­на оты­рып ұй­ым­да­сты­ры­л­ған бай­ла­ныс ар­на­ла­рын қо­с­па­ған­да, іш­кі кон­тур­дың ЖЖ және сырт­қы кон­тур­дың ЖЖ бір-бі­рі­мен ұш­та­суын бол­дыр­мау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
21
Ве­дом­ство­лық элек­трон­дық по­шта­ны, же­дел ха­бар­ла­ма­лар қыз­ме­тін және өзге де сер­ви­стер­ді МО, ЖАО қыз­мет­ші­ле­рі­нің және мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің, сон­дай-ақ ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым­ның (бұ­дан әрі – АКИ) аса ма­ңы­зды объ­ек­ті­ле­рі ие­ле­рі­нің: олар қыз­мет­тік мін­дет­те­рін ат­қар­ған кез­де элек­трон­дық ны­сан­да­ғы же­дел ақ­па­рат ал­ма­су­ды (қыз­мет­тік хат ал­ма­су­ды) жү­зе­ге асы­ру үшін, егер уәкі­лет­ті ор­ган өзге­ше бел­гі­ле­ме­се, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да нақ­ты ор­на­лас­қан элек­трон­дық по­шта­ны, же­дел ха­бар ал­ма­су қыз­ме­тін және өзге де сер­ви­стер­ді, бас­қа­ру ор­та­лық­та­ры мен сер­вер­лер­ді пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­та­уы
22
Ло­кал­дық же­лі­лер­дің бел­сен­ді жаб­дық­та­ры үшін үз­дік­сіз электр­мен жаб­дық­та­удың бо­луы.
23
Ло­кал­дық же­лі­нің ка­бель­дік жүй­е­сі­нің пай­да­ла­ныл­май­тын порт­та­рын бел­сен­ді жаб­дық­тан фи­зи­ка­лық ажы­ра­ту бой­ын­ша та­лап­ты сақ­тау
24
Же­лі­а­ра­лық экран­да­уды пай­да­ла­ну бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
25
Сер­вер­лік үй-жай­да ор­на­ты­л­ған жаб­дық­ты тех­ни­ка­лық сүй­е­мел­деу ке­зін­де құ­жат­та­удың бо­луы:
1) жаб­дық­қа қыз­мет көр­се­ту;
2) ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­ның жұ­мысын­да пай­да бо­ла­тын про­бле­ма­лар­ды жою;
3) кі­ді­ру­лер мен іс­тен шы­ғу фак­ті­ле­рі, сон­дай-ақ қал­пы­на кел­ті­ру жұ­мыста­ры­ның нәти­же­ле­рі;
4) өте ма­ңы­зды жаб­дық­қа ке­піл­дік­ті қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі аяқ­тал­ған соң ке­піл­дік­ті мер­зім­нен кей­ін­гі қыз­мет көр­се­ту құ­жат­та­ла­ды.
Құ­жат­тау ны­са­ны мен тә­сі­лі өзді­гі­нен ай­қын­да­ла­ды
26
Сер­вер­лік үй-жай­ға санк­ци­я­лан­ған кі­ру­ді және одан санк­ци­я­лан­ған шы­ғу­ды қам­та­ма­сыз ете­тін сер­вер­лік үй-жай­да кі­ру­ді ба­қы­лау және бас­қа­ру жүй­е­сі­нің бо­луы. Кі­ру есі­гі­нің бө­ге­гіш құ­ры­л­ғы­ла­ры мен кон­струк­ци­я­сы кі­ру есі­гі­нің там­бу­ры ар­қы­лы кі­ру сәй­кестен­дір­гіш­те­рін ке­рі ба­ғыт­та бе­ру мүм­кін­ді­гін бол­дыр­мауы ти­іс.
Кі­ру­ді ба­қы­лау және бас­қа­ру жүй­е­сі­нің ор­та­лық бас­қа­ру құ­ры­л­ғы­сы бөгде адам­дар­дың кі­ру­і­нен қор­ғал­ған же­ке қыз­мет­тік үй-жай­лар­да, кү­зет бе­ке­ті­нің үй-жай­ла­рын­да ор­на­ты­ла­ды. Кү­зет пер­со­на­лы та­ра­пы­нан жүй­е­нің жұ­мыс ре­жи­міне әсер ете­тін кі­ру­ді ба­қы­лау және бас­қа­ру жүй­е­сі­нің бағ­дар­ла­ма­лық құ­рал­да­ры­на қол жет­кізу­ге жол бе­ріл­мей­ді.
Кі­ру­ді ба­қы­лау және бас­қа­ру жүй­е­сін электр­мен жаб­дық­тау ке­зек­ші жа­рық­тан­ды­ру қал­қа­ны­ның ер­кін то­бы­нан жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Кі­ру­ді ба­қы­лау және бас­қа­ру жүй­е­сі ре­зерв­тік электр­мен қо­рек­тен­ді­ру­мен қам­та­ма­сыз еті­ле­ді
27
Сер­вер­лік үй-жай­да ор­на­ты­л­ған АКИ объ­ек­ті­ле­рін сүй­е­мел­де­уді жү­зе­ге асы­ру үшін уәкі­лет­ті тұ­лға­лар ті­зі­мі­нің өзек­ті күй­ін­де бо­луы
28
Сер­вер­лік үй-жай­да мик­ро­кли­мат­ты қам­та­ма­сыз ету жүй­е­сі­нің бо­луы:
мик­ро­кли­мат­ты қам­та­ма­сыз ету жүй­е­сі ауа­ны бап­тау, жел­де­ту және мик­ро­кли­мат­ты ба­қы­лау жүй­е­ле­рін қам­ти­ды;
ауа­ны бап­тау жүй­е­сі ре­зерв­теу ар­қы­лы қам­та­ма­сыз еті­ле­ді;
сер­вер­лік үй жай­дың кон­ди­ци­о­нер­ле­рін электр­мен қо­рек­тен­ді­ру ке­піл­ді электр­мен қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі­нен неме­се үз­дік­сіз электр­мен қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі­нен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
ауа бап­тау және жел­де­ту жүй­е­ле­рі өрт даб­ы­лы бой­ын­ша ав­то­мат­ты түр­де ажы­ра­ты­ла­ды.
29
Сер­вер­лік үй-жай­да кү­зет даб­ы­лы жүй­е­сі­нің бо­луы:
сер­вер­лік үй-жай­дың кү­зет даб­ы­лы жүй­е­сі ғи­ма­рат­тың қа­уіп­сіз­дік жүй­е­ле­рі­нен бө­лек орын­да­ла­ды; құ­лақ­тан­ды­ру даб­ыл­да­ры тәу­лік бойы кү­зет үй-жай­ы­на же­ке пульт тү­рін­де шы­ға­ры­ла­ды; сер­вер­лік үй-жай­дың бар­лық кі­рі­сте­рі мен шы­ғу­ла­ры, сон­дай-ақ сер­вер­лік үй-жай­дың іш­кі кө­ле­мі ба­қы­ла­у­ға және кү­зе­ту­ге жа­та­ды; кү­зет даб­ы­лы жүй­е­сі­нің ре­зерв­тік қо­рек­тен­ді­ру­дің өзін­дік кө­зі бо­ла­ды.
30
Сер­вер­лік үй-жай­да бей­не­ба­қы­лау жүй­е­сі­нің бо­луы:
бей­не­ба­қы­лау жүй­е­сі ка­ме­ра­ла­ры­ның ор­на­ла­суы сер­вер­лік үй-жай­ға бар­лық кі­ру­лер мен шы­ғу­лар­ды, жаб­дық­тың жа­нын­да­ғы ке­ңі­стік пен өту­лер­ді ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету­ді ес­ке­ре оты­рып таң­да­ла­ды;
кө­ру бұ­ры­шы мен ка­ме­ра­лар­дың рұқ­са­ты бет­ті та­ну­ды қам­та­ма­сыз етуі ти­іс; ка­ме­ра­лар­дан алын­ған су­рет тәу­лік бойы кү­зет үй-жай­ы­на же­ке пульт­ке шы­ға­ры­ла­ды.
31
Сер­вер­лік үй-жай­да өрт даб­ы­лы жүй­е­сі­нің бо­луы:
сер­вер­лік үй жай­дың өрт даб­ы­лы жүй­е­сі ғи­ма­рат­тың өрт даб­ы­лы­нан бө­лек орын­да­ла­ды;
сер­вер бөл­ме­сін­де дат­чик­тер­дің екі тү­рі ор­на­ты­л­ған: тем­пе­ра­ту­ра және тү­тін;
дат­чик­тер сер­вер­лік үй-жай­дың жал­пы ке­ңі­сті­гін және кө­те­рі­л­ген фа­лье­ден­нен және (неме­се) кө­те­рі­л­ген фаль­штө­бе­ден пай­да болған кө­лем­дер­ді ба­қы­лай­ды;
өрт даб­ы­лы жүй­е­сі­нің ха­бар­лан­ды­ру сиг­нал­да­ры тәу­лік бойы кү­зет үй-жай­ы­на пульт­ке шы­ға­ры­ла­ды.
32
Сер­вер­лік үй-жай­да өрт сөн­ді­ру жүй­е­сі­нің бо­луы:
сер­вер­лік үй-жай­дың өрт сөн­ді­ру жүй­е­сі ғи­ма­рат­тың өрт сөн­ді­ру жүй­е­сіне тәу­ел­сіз га­з­ды өрт сөн­ді­ру­дің ав­то­мат­ты қон­дыр­ғы­сы­мен жаб­дық­та­ла­ды;
өрт сөн­дір­гіш ре­т­ін­де га­з­ды өрт сөн­ді­ру­дің ав­то­мат­ты қон­дыр­ғы­сын­да ар­найы улы емес газ пай­да­ла­ны­ла­ды; ұн­тақ­ты және сұй­ық өрт сөн­дір­гіш­тер пай­да­ла­ныл­май­ды;
га­з­ды өрт сөн­ді­ру қон­дыр­ғы­сы ті­ке­лей сер­вер­лік үй жай­да неме­се оның жа­нын­да осы үшін ар­найы жаб­дық­тал­ған шкаф­та ор­на­ла­сты­ры­ла­ды;
өрт сөн­ді­ру жүй­е­сін іс­ке қо­су тү­тін­нің пай­да бо­луы­на жа­у­ап бе­ре­тін өрт­ті ер­те анық­тау дат­чик­те­рі­нен, сон­дай-ақ үй-жай­дан шы­ға­тын жер­де ор­на­лас­қан қол дат­чик­те­рі­нен жүр­гі­зі­ле­ді;
өрт сөн­ді­ру жүй­е­сі­нің іс­ке қо­сы­луы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма үй-жай­дың ішін­де және сыр­тын­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын таб­ло­ға шы­ға­ры­ла­ды.
33
Сер­вер­лік үй-жай­да ке­піл­ден­ді­рі­л­ген электр­мен жаб­дық­тау жүй­е­сі­нің бо­луы:
электр энер­ги­я­сы­ның бар­лық көз­де­рі негіз­гі ен­гі­зу­де электр қу­а­тын бе­ру­ді тоқ­та­ту, үзі­ліс ке­зін­де электр қу­а­тын ре­зерв­тік ен­гізу­ге ав­то­мат­ты түр­де ауы­сты­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ре­зерв­ті ен­гі­зу ав­то­ма­ты­на бе­рі­ле­ді;
ке­піл­ден­ді­рі­л­ген электр­мен жаб­дық­тау жүй­е­сі үз­дік­сіз қо­рек­тен­ді­ру көз­де­рі ар­қы­лы сер­вер­лік үй-жай жаб­дық­та­ры мен жүй­е­ле­рін электр­мен жаб­дық­та­уды көз­дей­ді.
34
Сер­вер­лік үй-жай­да жер­ге тұй­ық­тау жүй­е­сі­нің бо­луы:
сер­вер­лік үй жай­дың жер­ге тұй­ық­тау жүй­е­сі ғи­ма­рат­тың қор­ға­ныш жер­ге тұй­ық­та­луы­нан бө­лек орын­да­ла­ды;
сер­вер­лік үй-жай­дың бар­лық ме­талл бө­лік­те­рі мен кон­струк­ци­я­ла­ры ор­тақ жер­ге тұй­ық­тау ши­на­сы­мен жер­ге тұй­ық­та­ла­ды. Жабды­ғы бар әр­бір шкаф (ті­рек) ор­тақ жер­ге тұй­ық­тау ши­на­сы­на қо­сы­ла­тын же­ке өт­кіз­гі­шпен жер­ге тұй­ық­та­ла­ды;
ақ­па­рат­ты өң­деу жабды­ғы­ның ашық өт­кіз­гіш бө­лік­те­рі электр қон­дыр­ғы­сы­ның негіз­гі жер­ге тұй­ық­тау қы­сқы­шы­на қо­сы­луы ти­іс;
кер­не­уден қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­рын негіз­гі жер­ге тұй­ық­тау ши­на­сы­на қо­са­тын жер­ге тұй­ық­тау өт­кіз­гіш­те­рі ең қы­сқа және тік (бұ­ры­шта­ры жоқ) бо­луы ти­іс.
35
Кро­стық үй-жай­да элек­тро­маг­нит­тік ке­дер­гі­лер­дің қу­ат­ты көз­де­рі­нің (транс­фор­ма­тор­лар, электр қал­қан­да­ры, электр қоз­ғалт­қы­штар және бас­қа­ла­ры) бол­мауы
36
Су­мен жаб­дық­тау жүй­е­сі­нің бұ­ран­да­ла­ры мен құ­быр­ла­ры­ның бол­мауы
37
Кро­стық үй-жай­да өрт қа­уіп­сіз­ді­гі жүй­е­сі­нің бо­луы
38
Кро­стық үй-жай­да же­ңіл жа­на­тын ма­те­ри­ал­дар­дың (ағаш сө­ре­лер, кар­тон, кі­тап­тар және бас­қа­ла­ры) бол­мауы
39
Кро­стық үй-жай­да жо­ба бой­ын­ша шкаф­ты қо­су үшін ав­то­мат­тан бө­лек же­ке электр қу­ат­та­лу же­лі­сі­нің бо­луы
40
Кро­стық үй-жай­да сиг­на­ли­за­ци­я­лық кү­зет жүй­е­сі­нің, кі­ру­ді ба­қы­лау жүй­е­сі­нің бо­луы
41
Кро­стық үй-жай­да ауа бап­тау жүй­е­сі­нің бо­луы
42
Ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рін тә­жі­ри­бе­лік және өнер­к­ә­сіп­тік пай­да­ла­ну ке­зе­ңін­де құ­рал­дар мен жүй­е­лер пай­да­ла­ны­ла­ды:
оқи­ға­лар­ды және АҚ оқыс оқи­ға­ла­рын ақ­па­рат­тық ин­фра­құ­ры­лым­ды мо­ни­то­ринг­теу және бас­қа­ру;
ба­сып кі­ру­дің ал­дын алу және анық­тау.
43
Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің же­ке же­дел ор­та­лы­ғын құ­ру және оның жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету неме­се үшін­ші тұ­лға­лар­дан ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің же­дел ор­та­лы­ғы­ның қыз­мет­те­рін са­тып алу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау, сон­дай-ақ оның Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің ұлт­тық үй­ле­сті­ру ор­та­лы­ғы­мен өза­ра іс-қи­мы­лы
44
Тір­кел­ген .KZ және (неме­се) .ҚАЗ до­мен­дік ата­уы бар ин­тер­нет-ре­сур­сты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­де ор­на­ла­сты­ру жө­нін­де­гі та­лап­ты сақ­тау.
Ин­тер­нет­тің қа­зақ­стан­дық сег­мен­ті­нің ке­ңі­сті­гін­де .KZ және (неме­се) .ҚАЗ до­мен­дік ат­та­рын пай­да­ла­ну қа­уіп­сіз­дік сер­ти­фи­кат­та­рын қол­да­ну ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­лу та­лап­та­рын сақ­тау
45
Сер­вер­лік жаб­дық­тың кон­фи­гу­ра­ци­я­сын тек­се­ре оты­рып, оны тұ­рақ­ты негіз­де тү­ген­деу жүр­гі­зу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
46
Се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым және элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі­нің ті­зі­лі­мі­нен ел­дің қор­ға­ны­сы мен мем­ле­кет­тің қа­уіп­сіз­ді­гі үшін АҚ қам­та­ма­сыз ету та­лап­та­рын іс­ке асы­ру мақ­са­тын­да та­у­ар­лар­ды са­тып алу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау. Бұл рет­те, Се­нім біл­ді­рі­л­ген бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым мен элек­трон­дық өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі­нің ті­зі­лі­мін­де қа­жет­ті өнім бол­ма­ған жағ­дай­да та­у­ар­лар­ды са­тып алу­ға жол бе­рі­ле­ді.
47
МО-да, ЖАО-да неме­се ұй­ым­да АҚ-ның бұ­зы­лу оқи­ға­ла­рын ба­қы­лау мақ­са­тын­да та­лап­тар­ды сақ­тау:
1) АҚ-ны бұзуға бай­ла­ны­сты оқи­ға­лар мо­ни­то­рин­гі мен мо­ни­то­ринг нәти­же­ле­рін тал­дау жүр­гі­зі­ле­ді;
2) АҚ-ның жай-күй­іне бай­ла­ны­сты оқи­ға­лар тір­ке­ліп, оқи­ға­лар жур­нал­да­рын, оның ішін­де:
опе­ра­ци­я­лық жүй­е­лер­дің оқи­ға­лар жур­нал­да­рын;
де­рекқор­лар­ды бас­қа­ру жүй­е­ле­рі­нің оқи­ға­лар жур­нал­да­рын;
ви­рус­қа қар­сы қор­ғау оқи­ға­ла­ры­ның жур­нал­да­рын;
қол­дан­ба­лы БҚ оқи­ға­лар жур­нал­да­рын;
те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық жаб­дық­тың оқи­ға­лар жур­нал­да­рын;
ша­буыл­дар­ды анық­тау және ал­дын алу жүй­е­ле­рі­нің оқи­ға­лар жур­нал­да­рын;
кон­тент­ті бас­қа­ру жүй­е­сі оқи­ға­ла­ры­ның жур­на­лын тал­дау ар­қы­лы бұ­зу­шы­лық­тар анық­та­ла­ды;
3) оқи­ға­лар­ды тір­кеу жур­нал­да­рын­да­ғы уа­қыт­ты уа­қыт кө­зі­нің ин­фра­құ­ры­лы­мы­м­ен үй­ле­сім­ді қам­та­ма­сыз ету;
4) оқи­ға­лар­ды тір­кеу жур­нал­да­рын АҚ ТҚ-да көр­се­ті­л­ген мер­зім ішін­де сақ­тау, бі­рақ үш жыл­дан кем емес және екі ай­дан кем емес же­дел қол­же­тім­ді­лік­те бо­ла­ды;
5) оқи­ға­лар­ды тір­кеу жур­нал­да­рын жүр­гі­зу;
6) оқи­ға­лар­ды тір­кеу жур­нал­да­рын ара­ла­су­дан және рұқ­сат­сыз кі­ру­ден қор­ғауды қам­та­ма­сыз ету. Жүй­е­лік әкім­ші­лер­де жур­нал­дар­ды өзгер­ту­ге, жо­ю­ға және өші­ру­ге өкі­лет­тіктер­дің бо­луы­на жол бер­меу. Құ­пия АЖ жур­нал­дар­дың ре­зерв­тік қой­ма­сын құ­ру­ды және жүр­гі­зу­ді та­лап ете­ді;
6) оқи­ға­лар­ды тір­кеу жур­нал­да­рын ара­ла­су­дан және ав­тор­лан­ба­ған қол­же­тім­ді­лік­тен қор­ғау қам­та­ма­сыз еті­ле­ді. Жүйе әкім­ші­ле­ріне жур­нал­дар­ды өзгер­ту­ге, жо­ю­ға және ажы­ра­ту­ға өкі­лет­тік бе­ру­ге жол бе­ріл­мей­ді. Құ­пия АЖ үшін жур­нал­дар­дың ре­зерв­тік қой­ма­сын құ­ру және оны жүр­гі­зу та­лап еті­ле­ді;
7) АҚ оқыс оқи­ға­ла­ры ту­ра­лы ха­бар­дар ету­дің және АҚ-ның оқыс оқи­ға­ла­ры­на әре­кет ету­дің фор­маль­ді рә­сі­мін ен­гі­зу қам­та­ма­сыз еті­ле­ді.
48
ЭАР, АЖ, АКИ ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге бөгде ұй­ым­дар­ды тар­тқан жағ­дай­да олар­дың ие­сі неме­се ие­ле­ну­ші­сі атал­ған объ­ек­ті­лер­мен жұ­мыс іс­теу, олар­ға қол жет­кі­зу неме­се пай­да­ла­ну шар­тта­ры, сон­дай-ақ олар­ды бұз­ға­ны үшін жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бел­гі­ле­не­тін ке­лі­сім­де­рі­нің бо­луы
49
Жұ­мыстан боса­ты­л­ған неме­се ең­бек шар­ты­ның та­лап­та­ры­на өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген кез­де МО, ЖАО қыз­мет­ші­сі­нің неме­се ұй­ым қыз­мет­ке­рі­нің же­ке және ло­ги­ка­лық қол­же­тім­ді­лік­ті, қол жет­кі­зу, жа­зы­лу сәй­кестен­дір­гіш­те­рін, оны МО, ЖАО жұ­мыс іс­тей­тін қыз­мет­ші­сі неме­се ұй­ым жұ­мыс­ке­рі ре­т­ін­де сәй­кестен­ді­ре­тін құ­жат­та­ма­ны қам­ти­тын ақ­па­рат­қа және ақ­па­рат­ты өң­деу құ­рал­да­ры­на қол жет­кі­зу құқық­та­ры оның ең­бек шар­ты тоқ­та­ты­л­ған­нан кей­ін жой­ы­ла­ды неме­се ең­бек шар­ты­ның та­лап­та­ры­на өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген кез­де өзгер­ті­лу та­лап­та­рын сақ­тау
50
Кадр қыз­ме­ті МО, ЖАО қыз­мет­ші­ле­рін неме­се ұй­ым жұ­мыс­кер­ле­рін ақ­па­рат­тан­ды­ру және АҚ-ны қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да оқы­ту­ды ұй­ым­да­сты­ра­ды және есе­бін жүр­гі­зу та­лап­та­рын сақ­тау
51
Мем­ле­кет­тік тех­ни­ка­лық қыз­мет­тің ком­пью­тер­лік оқыс оқи­ға­лар­ға әре­кет ету қыз­ме­т­ін­де құ­пи­я­лы­лық, қол­же­тім­ді­лік және тұ­та­стық үшін ма­ңы­зды деп анық­тал­ған оқи­ға­лар­ды тір­кеу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
АҚ оқи­ға­ла­ры­ның мо­ни­то­рин­гін тал­дау және оқи­ға­лар жур­на­лын тал­дау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша
52
Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­ді қо­с­па­ған­да, за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны қам­ти­тын де­ректер­ді өң­дей­тін АКИ аса ма­ңы­зды объ­ек­ті­ле­рі­нің ие­ле­ріне жы­лы­на ке­мін­де бір рет ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік ауди­тін жүр­гі­зу жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау.
53
АЖ-ды, БҚ-ны неме­се СБӨ-ні есеп­тен шы­ғар­ған кез­де ЭАР ие­сі және (неме­се) ие­ле­ну­ші­сі ЭАР қал­пы­на кел­ті­ру бой­ын­ша нұс­қа­улық дай­ын­дау ар­қы­лы есеп­тен шы­ға­ры­ла­тын АЖ де­рекқо­рын бас­қа­ру жүй­е­сі­нің кі­рік­ті­рі­л­ген функ­ци­о­на­лы ар­қы­лы де­рекқо­ры­ның құ­ры­лы­мын және маз­мұ­нын сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ету та­лап­та­рын сақ­тау
54
Сер­ви­стік бағ­дар­ла­ма­лық өнім­ді өнер­к­ә­сіп­тік пай­да­ла­ну ке­зін­де АҚ та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі тұр­ғы­сы­нан сы­нақ­тар­дың оң нәти­же­ле­рі бар ак­ті­нің бо­луы
55
Әзір­ле­не­тін неме­се са­тып алы­на­тын дай­ын қол­дан­ба­лы БҚ пай­да­ла­ну­шы ин­тер­фей­сін пай­да­ла­ну­шы­ның тіл ин­тер­фей­сін таң­дау мүм­кін­ді­гі­мен, де­ректер­ді қа­зақ, орыс және қа­жет болған жағ­дай­да бас­қа тіл­дер­де ен­гі­зу­ді, өң­деу мен шы­ға­ру­ды қам­та­ма­сыз ету та­лап­та­рын сақ­тау
56
МО, ЖАО неме­се ұй­ым:
пай­да­ла­ну­шы­лар мен пер­со­нал­дың іс-қи­мы­лы;
ақ­па­рат­ты өң­деу құ­рал­да­рын қол­да­ну мо­ни­то­рин­гін жү­зе­ге асы­ра­ды.
57
Әзір­ле­не­тін неме­се са­тып алы­на­тын дай­ын қол­дан­ба­лы БҚ
қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­мен қам­та­ма­сыз ету та­лап­та­рын сақ­тау
58
Ен­ді­рі­л­ген жүй­е­лер сер­ве­рі­нің жо­ға­ры қол­же­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау:
1) ре­зерв­тік жел­дет­кіш­тер­ді, қу­ат көз­де­рін, дис­кі­лер­ді және ен­гі­зу-шы­ға­ру адап­тер­ле­рін қы­зу ауы­сты­ру;
2) сы­ни оқи­ға­лар ту­ра­лы ес­кер­ту­лер;
3) сы­ни ком­по­нент­тер­дің жай-күй­ін үз­дік­сіз ба­қы­ла­уды қол­дау және ба­қы­ла­на­тын көр­сет­кіш­тер­ді өл­шеу
59
Құ­пия АЖ-да, құ­пия ЭАР-да және қол­же­тім­ді­лі­гі шек­тел­ген дер­бес де­ректер­ді қам­ти­тын ЭАР-да пай­да­ла­ны­ла­тын ақ­па­рат­ты та­сығ­ы­штар­ды пай­да­ла­ну­дан шы­ғар­ған кез­де ақ­па­рат­ты ке­піл­дік­ті жо­ю­дың бағ­дар­ла­ма­лық және ап­па­рат­тық қам­ты­лы­мы қол­да­ну жө­нін­де­гі та­лап­ты сақ­тау
60
Ло­кал­дық же­лі схе­ма­сы­ның бо­луы
61
Ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен және де­ректер­ді сақ­тау жүй­е­сі­нің сер­вер­лік жабды­ғы сер­вер­лік үй-жай­да ор­на­ла­сты­ры­лу та­лап­та­рын сақ­тау
62
Сер­вер­лік үй-жай өте ал­май­тын, те­ре­зе ой­ық­та­ры жоқ бө­лек үй-жай­лар­да ор­на­ла­сты­ру. Те­ре­зе ой­ық­та­ры болған жағ­дай­да, олар жа­бы­ла­ды неме­се жан­бай­тын ма­те­ри­ал­дар­мен бе­кі­ті­ле­ді. Қа­быр­ға, тө­бе мен еден сырт­та­ры үшін шаң шы­ғар­май­тын және жи­на­май­тын ма­те­ри­ал­дар пай­да­ла­ны­лу. Еден жа­бы­ны үшін ан­ти­ста­ти­ка­лық қа­си­е­ті бар ма­те­ри­ал­дар пай­да­ла­ны­ла­ды. Сер­вер­лік үй-жай ла­стай­тын заттар­дың кі­ру­і­нен қор­ға­ла­ды. Сер­вер­лік үй-жай­дың қа­быр­ға­ла­ры, есік­те­рі, төбе­сі, еде­ні және ара­лық­та­ры үй-жай­дың гер­ме­ти­ка­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету та­лап­та­рын сақ­тау
63
Сер­вер­лік үй-жай ка­бель­дік жүй­е­лер мен ин­же­нер­лік ком­му­ни­ка­ци­я­лар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған фаль­ше­ден­мен және (неме­се) фаль­штө­бе­мен жаб­дық­та­лу­дың бо­луы
64
Сер­вер­лік үй-жай ар­қы­лы кез кел­ген тран­зит­тік ком­му­ни­ка­ци­я­лар­дан өту бой­ын­ша алып та­стау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау. Кә­дім­гі және өрт­ке қар­сы су­мен жаб­дық­тау, жы­лы­ту және кә­різ трас­са­ла­ры сер­вер­лік үй-жай­дан тыс шы­ға­ры­ла­ды және жо­ғар­ғы қа­бат­тар­да сер­вер­лік үй-жай­дың үстіне ор­на­ла­сты­рыл­май­ды.
65
Негіз­гі және ре­зерв­тік сер­вер­лік үй-жай­лар­дың бір-бі­рі­нен шал­ғай­да­ғы ғи­ма­рат­тар­да қа­уіп­сіз қа­шық­тық­та ор­на­ла­суы бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау.
Ре­зерв­тік сер­вер­лік үй жай­лар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар негіз­гі сер­вер­лік үй жай­лар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­мен бір­дей.
66
Сер­вер­лік үй-жай­да екін­ші және үшін­ші сы­нып­ты ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­мен бі­рін­ші сы­нып­ты ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің сы­нып­та­уы­шы­на сәй­кес жа­та­тын бір вир­ту­ал­ды ор­та­да, бір сер­вер­лік жаб­дық­та, бір мон­таж­дық шкаф­та неме­се ЭАР, ИР, СБӨ, АЖ ті­ре­гін­де ор­на­ла­сты­ру­ды алып та­стау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
Лауазымды адам (-дар)
_______________________________________ ____________________
лауазымы қолы
________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _________________ ______________
лауазымы қолы
________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы