Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 145 «Об утверждении Типовых правил выпаса сельскохозяйственных животных»

Бұйрық · № 185 · қабылданған 03.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2020-no-145/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 145 «Об утверждении Типовых правил выпаса сельскохозяйственных животных» Қолданыста Бұйрық ·№ 185 ·03.06.2024
03.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 145 «Об утверждении Типовых правил выпаса сельскохозяйственных животных»

Қолданыста Бұйрық ·№ 185 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 145 «Об утверждении Типовых правил выпаса сельскохозяйственных животных»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
185
Қабылданған күні
03.06.2024
Көрсетілген редакция
03.06.2024 197459_706832.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034469
ЭКБ идентификаторы
197459
Редакция идентификаторы
197459_706832
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:15

0 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
«Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 3-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 3-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.»;
4-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар – елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;»;
6-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), жаю, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыруға жол берілмейді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады. Осындай аудандардың тізбесін облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынымы бойынша облыстың жергілікті өкілді органы бекітеді;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында және су жиналатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суат алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес айқындалады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Адамдардың қадағалауынсыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жүрген жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады.
Ұсталған қараусыз жүрген жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.»;
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жайылымдар туралы заң) 13-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады.
Жайылымдар туралы заңның 15-бабы 4-тармағында көрсетілген жайылымдарды қоспағанда, шалғайдағы жайылымдар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 43-1-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдарда, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарда орналасқан суландыру құрылыстарына қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі.
Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жайылымдарды резервке қою жүзеге асырылады.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) жайылымдарды резервке қою үшін негіз болып табылады.
15. Жоспар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітетін нормативтік құқықтық акті болып табылады.
16. Жоспарды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, Жайылымдар туралы заңның 6-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың негізінде әзірлейді.»;
18-тармақ алып тасталсын;
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады.
Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары мал басы Жоспарға сәйкес жайылымдардың басқа учаскелеріне, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарға орны ауыстырылады.
Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жайылымдар беру туралы жеке шешімін шығару талап етілмейді.
20. Осы Үлгілік қағидалардың 19-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.
Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларынан асып кеткен кезде жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдардың алаңдарын ұлғайту мақсатында бұрын берілген жайылымдарды Жер кодексінің 84, 85, 86, және 87-баптарына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылуы мүмкін.»;
22-тармақ алып тасталсын;
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдау үшін Жер кодексінің 70 және 104-баптарына сәйкес уақытша (маусымдық) пайдаланылатын және ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдау жолдары (бұдан әрі – мал айдау жолдары) жобаланады.
28. Мал айдау жолдарын аудандардың (қалалардың) және облыстардың жергілікті атқарушы органдары «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 3-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісу бойынша айқындайды.»;
34-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Жоспардың іске асырылуын және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

Қолданыстағы