О внесении изменений в решение маслихата от 29 января 2020 года № 318 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 29 января 2020 года № 318 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 318 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 57
- Қабылданған күні
- 17.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2021 158947_539384.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21NQ00057M
- ЭКБ идентификаторы
- 158947
- Редакция идентификаторы
- 158947_539384
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:41
0 Мәслихаттың 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 318 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Мәслихаттың 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 318 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8944 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
ауылдар, кент, ауылдық округтер бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
ауылдардың, кенттің, ауылдық округтердің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімі аппаратының шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдар, кент, ауылдық округтер бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдардың, кенттің, ауылдық округтердің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауылдар, кент, ауылдық округтер әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдар, кент, ауылдық округтер әкіміне беріледі.
Ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде аудандық мәслихатының қарауына беріледі.»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.
Ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.».